Мазмұнға өту

Иса пайғамбарды еске алу

12 сәуір, сенбі, 2025 жыл

Жыл сайын жер шары бойынша Ехоба куәгерлері Иса пайғамбардың өлген күнін еске алады. Өйткені ол ізбасарларына: “Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар”,— деп өсиет еткен (Лұқа 22:19).

Біз сізді осы жиынға шақырамыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жиын қанша уақытқа созылады?

Шамамен бір сағаттай.

Еске алу кеші қайда өтеді?

Ехоба куәгерлерінің біріне хабарласыңыз.

Кіруі ақылы ма?

Жоқ, тегін.

Барғанда ақша беру керек пе?

Жоқ.

Арнайы киім киіп келу керек пе?

Арнайы киім киюдің қажеті жоқ. Бірақ Ехоба куәгерлері Киелі жазбалардың киінуге қатысты кеңестерін ұстанады. Сондықтан қарапайым, жарасымды киінуге тырысады (Тімөтеге 1-хат 2:9). Киіміңіз қымбат я ресми үлгіде болуы шарт емес.

Еске алу кеші қалай өтеді?

Жиынның басында және соңында ән айтылып, дұға етіледі. Дұғаны Ехоба куәгерлерінің бірі айтады. Еске алу кешінің негізгі бөлігі — баяндама. Онда Иса пайғамбардың не үшін өлгені, сонымен қатар Құдай мен Иса Мәсіхтің біз үшін жасаған жақсылығының игілігін көру үшін не істеуіміз керектігі айтылады.

Көбірек білу үшін “Неге Ехоба куәгерлері Иеміздің кешкі асын басқа діндерден өзгеше атап өтеді?” деген мақаланы оқып көріңіз.

Алдағы уақытта Еске алу кеші қашан өтеді?

2025 жылы: 12 сәуір, сенбі күні

2026 жылы: 2 сәуір, бейсенбі күні