Мазмұнға өту


ТӘЛІМГЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ӨТЕТІН КИЕЛІ КІТАП КУРСЫ

“Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!”

Сізге Құдай Сөзі талқыланатын тегін курсты ұсынамыз. Интерактивті әдіспен өтетін бұл курстан әртүрлі сұрақтардың жауабын білесіз. Мысалы:

  • Бақыттың құпиясы неде?

  • Дүниедегі жамандық пен қасірет біте ме?

  • Қайтыс болған жақындарымды қайта көре алам ба?

  • Құдай Тағала мені жақсы көре ме?

  • Құдай дұға-тілегімді қабыл алу үшін не істесем болады?

Тегін

Киелі кітап курсы тегін өтеді. “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” оқулығына да, Киелі кітап алғыңыз келсе, оған да ақша төлеудің қажеті жоқ.

Ыңғайлы

Сабақты тәлімгермен жүзбе-жүз я онлайн өте аласыз. Қашан және қай жерде өткіңіз келетінін өзіңіз шешесіз.

Ештеңеге міндеттемейді

Курсты соңына дейін өтуге міндетті емессіз. Оны қалаған кезіңізде тоқтата аласыз.

Киелі кітап курсы қалай өтеді?

Тәлімгер сізге Құдай Сөзі Киелі кітаппен тақырып бойынша танысуға көмектеседі. “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” оқулығымен интерактивті түрде өтетін бұл курстан сіз Киелі кітапта не жазылғанын әрі оның сізге қандай пайдасы бар екенін білесіз. Толығырақ білгіңіз келсе, мына видеоны көріңіз не “Жиі қойылатын сұрақтар” деген бөлімге кіріңіз.

Қандай сабақтар бар екенін білгіңіз келе ме?

Курстың кіріспе сабақтарымен танысып көріңіз.

Бастап көргіңіз келе ме?

Төмендегі жерді басып, алғашқы сабағыңызды жоспарласаңыз болады.