Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері ұсынатын Киелі кітап курсы деген не?

Ехоба куәгерлері ұсынатын Киелі кітап курсы деген не?

 Киелі кітапты зерттеу сабағы қалай өтеді?

 Тәлім беруші сізбен бірге әр тақырыпты жеке-жеке зерттейді. “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” атты интерактивті Киелі кітап зерттеу сабақтарының көмегімен Киелі кітаптың неге үйрететінін және оның сіз үшін қандай пайдасы бар екенін білесіз. Көбірек білу үшін төмендегі видеоны көріңіз.

 Сабақтар ақылы ма?

 Жоқ, ақысыз. Ехоба куәгерлері Иса пайғамбардың: “Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер”,— деген нұсқауына құлақ асады (Матай 10:8). Сондай-ақ курсқа қажетті материалдарды, яғни Киелі кітап пен “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” басылымын тегін ала аласыз.

 Курс қанша уақытқа созылады?

 Толық курс 60 сабақтан тұрады. Қандай жылдамдықпен оқитыныңызды өзіңіз шешесіз, бірақ көп студенттерге аптасына бір немесе бірнеше рет оқыған ұнайды.

 Курсты қалай бастасам болады?

  1.  1. Онлайн өтініш толтырыңыз. Сіз туралы жеке мәліметті Ехоба куәгерлерінің бірі сізбен байланысу үшін ғана қолданамыз.

  2.  2. Тәлім беруші сізбен байланысады. Тәлімгеріңіз сізге интерактивті Киелі кітап сабақтары жайлы толық мәлімет беріп, кез келген сұрағыңызға жауап береді.

  3.  3. Тәлімгеріңізбен бірге сабақты жоспарлайсыз. Зерттеу сабағын тәлімгермен жеке кездесу арқылы немесе телефон, бейнебайланыс, хат не электронды пошта арқылы өтсеңіз болады. Әдетте зерттеу сабағы шамамен бір сағат көлемінде өтеді, бірақ өзіңіздің ыңғайыңызға қарай одан аз не көп уақыт зерттей аласыз.

 Ұнайтын-ұнамайтынын білу үшін бір-екі сабағын ғана оқып көрсем бола ма?

 Иә, болады. Бұл үшін онлайн өтінішті толтырыңыз. Тәлімгер сізге хабарласқанда, курстың ұнайтын-ұнамайтынын білу үшін тек бір-екі сабағын өткіңіз келетінін айтыңыз. Сонда тәлімгер сізбен үш кіріспе сабағынан тұратын “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітапшасымен зерттеу бастайды.

 Зерттеу сабағына келіссем, міндетті түрде Ехоба куәгері болуым керек пе?

 Жоқ. Ехоба куәгерлері адамдарға Киелі кітаптан тәлім бергенді жақсы көреді. Бірақ біз ешкімді Ехоба куәгері болуға мәжбүрлемейміз. Біз жай ғана Киелі кітап неге үйрететінін айтамыз. Ал адам неге сенетінін өзі шешеді (Петірдің 1-хаты 3:15).

 Өзімнің жеке Киелі кітабымды қолдансам бола ма?

 Иә, сіз өзіңіз қалаған Киелі кітап аудармасын қолдана аласыз. Біз анық әрі тура болғандықтан “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасын” қолданғанды ұнатамыз, бірақ көп адам өздері оқитын Киелі кітапты қолданғанды жөн көреді.

 Зерттеу сабағына басқаларды да шақырсам бола ма?

 Әрине, болады. Сіз Киелі кітапты бүкіл отбасыңызбен немесе кез келген досыңызбен бірге зерттей аласыз.

 Егер бұрын Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеген болсам, қайтадан зерттей аламын ба?

 Иә, зерттей аласыз. Тіпті қазіргі зерттеу сабағы сізге бұрынғысына қарағанда көбірек ұнайтынына сенімдіміз. Өйткені бұл курстың бағдарламасы интерактивті әрі адамдардың қазіргі қажеттілігіне сай жаңартылған.

 Киелі кітапты тәлімгерсіз өзім зерттей аламын ба?

 Иә. Көптеген студенттер тәлімгермен бірге зерттеудің тиімді екенін байқаған. Бірақ кейбіреулер Киелі кітапты бастапқыда өздері зерттеп көргісі келеді. Киелі кітапты жеке зерттеу үшін “Киелі кітапты зерттеу құралдары” деген беттегі тегін материалдар мен әдебиеттерді қолдансаңыз болады. Олардың кейбірі мынадай:

a Орыс тілінде қолжетімді.