Мазмұнға өту

Неліктен Ехоба куәгерлері жиналатын жерлерін Патшалық сарайы деп атайды?

Неліктен Ехоба куәгерлері жиналатын жерлерін Патшалық сарайы деп атайды?

Бұлай аталуының бірнеше себебі бар:

  • Жиналатын жеріміз — сарай немесе бас қосатын орын;

  • Біз Киелі кітапта баяндалатын Ехоба Құдайға мінажат ету үшін, ол туралы куәлік ету үшін жиналамыз (Забур 83:18; Ишая 43:12);

  • Сондай-ақ Иса пайғамбар жиі айтқан Құдай Патшалығы туралы көбірек білу үшін бас қосамыз (Матай 6:9, 10; 24:14; Лұқа 4:43).

Сізді жақын маңдағы Патшалық сарайына келіп, Ехоба куәгерлерінің кездесулері қалай өтетінін өз көзіңізбен көріп кетуге шақырамыз.