Мазмұнға өту

Өлетін уақытымыз алдын ала белгіленген бе?

Өлетін уақытымыз алдын ала белгіленген бе?

Киелі кітаптың жауабы

 Жоқ. Адамның қашан өлетіні алдын ала белгіленбеген. Киелі жазбаларда адамның маңдайына тағдыры жазылып қояды деп айтылмаған. Адамдар көбінде “кездейсоқ жағдайлардың” кесірінен қайтыс болып жатады (Уағыздаушы 9:11).

Неге онда Киелі кітапта “қайтыс болатын уақыт” бар деп айтылған?

 Уағыздаушы 3:2-де “өз уақыттары бар туудың әрі қайтыс болудың, Тұқым себудің әрі тамырымен жұлудың” деген сөздер жазылғаны рас (“Жаңа өмір” баспасы). Осы сөздердің жан-жағындағы тармақтарды қарасақ, мұнда өмірде қайталана беретін құбылыстар туралы айтылғанын түсінеміз (Уағыздаушы 3:1—8). Құдай Тағала диқанның тұқым себетін күнін белгілемейтініндей, адамның да қайтыс болатын күнін белгілеп қоймаған. Бұл үзіндінің негізгі ойы — күйбең тірлікке басымызбен кіріп кетіп, Жаратушымызға жақындауға уақыт таппай қалудан сақтандыру (Уағыздаушы 3:11; 12:1, 13).

Өміріңіз ұзақ болсын десеңіз...

 Қанша өмір сүретініміз белгісіз болса да, ақылмен шешім қабылдайтын болсақ, өмірімізді ұзарта аламыз. Киелі кітапта: “Дананың тәлімі — өмірдің қайнар көзі, Ол өлімнің тұзағынан құтқарар”,— деп айтылған (Нақыл сөздер 13:14). Бұрын Мұса пайғамбар да Исраил халқына Құдайдың бұйрықтарын орындаса, “ғұмырлары ұзақ болатынын” айтқан (Мұсаның 5-жазбасы 6:2). Ал адам жамандық жасап, ақылсыз әрекет қылса, өз өмірін өзі қысқартады (Уағыздаушы 7:17).

 Бірақ қанша жерден ақылмен әрекет етіп, абай жүрсек те, өлімнен қашып құтыла алмаймыз (Римдіктерге 5:12). Бір қуаныштысы — жақында бұл да өзгереді. Себебі Құдай Сөзі “енді қайтып өлім болмайтын” заман келе жатыр деп уәде етеді (Аян 21:4).