Мазмұнға өту

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Жеміс шыбынының ұшу өнері

Жеміс шыбынының ұшу өнері

 Шыбын өлтіру оңай шаруа емес екені кім-кімге де аян. Өте жоғары жылдамдықпен қозғалатын бұл жәндік өзін ұстап алғысы келетіндерден тез-ақ жалтарып кетеді.

 Ғалымдардың зерттеуіне сай, шыбындар тұқымдасына жататын жеміс шыбыны (дрозофила) әскери жойғыш ұшақ сияқты бағытын кез келген жаққа өзгерте алады. Бірақ ұшақтан айырмашылығы, ол мұны қас қағымда істейді. Профессор Майкл Дикинсонның айтуынша, мұндай шыбындар туыла сала шеберлікпен ұша алады. “Бұл енді туылған нәрестенің жойғыш ұшақта отырып, оны қалай жүргізу керектігін білетіні іспетті”,— дейді ол.

 Зерттеушілер бұл шыбындардың қалай ұшатынын бейнекамераға түсіргенде, олар қанаттарын секундына 200 рет қағатыны анықталды. Алайда оларға бағыттарын өзгертіп, қауіп алаңынан қашып кету үшін қанаттарын бір-ақ рет қағу жеткілікті.

 Сонда олар әрекет еткенше қанша уақыт кетеді? Зерттеушілер жеміс шыбындары қауіпті көргенде, адамның кірпік қаққанынан 50 есе жылдамырақ әрекет ететінін анықтаған. Майкл Дикинсон бұған қатысты былай дейді: “Бұл шыбындар өте қысқа уақыттың ішінде бәрін есептеп үлгереді. Қауіптің қайдан төніп тұрғанын және қай бағытқа қарай ұшқан дұрыс болатынын біледі”.

 Иненің ұшындай ғана миы бар жеміс шыбындары мұны қайдан біледі? Ойлап табушының бұл жұмбағын ғалымдар шешуге тырысып бағуда.

Қауіптен қашып, қас қағым сәтте бағытын өзгертіп жатқан жеміс шыбыны

 Сіз қалай ойлайсыз? Жеміс шыбынының ұшу өнері өздігінен пайда болды ма, әлде бұл Жаратушының жасампаздығы ма?