Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізу неге қиын?

Адамдардың көзқарасын өзгерте алатын үкімет қана дүниежүзіне бейбітшілік орнатады

Киелі кітапта мұның басты екі себебі бар екені жазылған. Біріншіден, адамдар көп нәрселерге қол жеткізіп жатса да, олар өз-өздеріне басшылық беру қабілетімен жаратылмаған. Екіншіден, “бүкіл дүние Шайтанның билігінде” болғандықтан, адамзат құрған жүйе жақсы нәтиже әкелмеді. Иә, адамдар қанша күш салғанымен, дүниежүзіне бейбітшілік орната алмады (Еремия 10:23; Жоханның 1-хаты 5:19 оқыңыз).

Сондай-ақ адамдардың өзімшіл және атаққұмар болғаны дүниежүзіне бейбітшілік орнатуды қиындатады. Сондықтан адамдарға дұрыс нәрсені істеуді және басқалардың қамын ойлауды үйрететін дүниежүзілік үкімет қана мұны жүзеге асыра алады (Ишая 32:17; 48:18, 22 оқыңыз).

Жер бетіне бейбітшілікті кім орнатады?

Құдіреті шексіз Құдай бүкіл адамзаттың үстінен билік ететін үкімет орнататынын уәде етеді. Бұл үкімет адами үкіметтерді алмастырады (Даниял 2:44). Иса Мәсіх тыныштықты сыйлайтын әмірші ретінде билік ететін болады. Ол жер бетіндегі зұлымдықты жойып, адамзатты бейбіт өмір сүруге үйретеді (Ишая 9:6, 7; 11:4, 9 оқыңыз).

Қазірдің өзінде Исаның басшылығымен миллиондаған адам Құдай Сөзі Киелі кітаптың көмегімен өзгелерге қалай тату болуға болатынын үйретуде. Ал жақын болашақта дүниежүзілік бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін болады (Ишая 2:3, 4; 54:13 оқыңыз).