Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | СІЗ ҚҰДАЙҒА ЖАҚЫНДАЙ АЛАСЫЗ

Сіз Құдайдың есімін білесіз бе, әрі оны қолданасыз ба?

Сіз Құдайдың есімін білесіз бе, әрі оны қолданасыз ба?

Сіз есімін білмейтін жақын досыңыз бар ма? Әрине, жоқ. Ирина есімді болгар әйелі: “Құдайдың есімін білмей, оған жақындау мүмкін емес”,— деп дұрыс тұжырым жасаған. Алдыңғы мақалада айтылғандай, Құдай сіздің өзіне жақын болғаныңызды қалайды. Сондықтан ол Киелі кітап беттерінен, бейнелі түрде: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— деп, сізге өзін таныстыруда (Ишая 42:8 ЖД).

Құдай Киелі кітап беттерінен, бейнелі түрде: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— деп, сізге өзін таныстыруда (Ишая 42:8 ЖД)

Сіздің Құдайдың есімін білгеніңіз әрі оны қолданғаныңыз Ехоба үшін маңызды ма? Мына жайында ойланып көріңізші: еврейдің дауыссыз төрт әрпімен берілген (тетраграмматон деген атпен де белгілі) Құдайдың есімі Еврей жазбаларында шамамен 7000 рет кездеседі. Бұл есім Киелі кітаптағы өзге есімдерден анағұрлым көп. Осы жайттан Ехоба біздің өзінің есімін біліп, оны қолданғанымызды қалайтыны айқын көрінеді *.

Әдетте, екі адамның арасындағы достық бір-бірінің есімін білуден басталады. Сіз Құдайдың есімін білесіз бе?

Құдай киелі әрі құдіреті шексіз болғандықтан, кейбіреулер оның есімін атау оған құрмет көрсетпегендік деп ойлауы мүмкін. Әрине, жақын досыңыздың есімін орынсыз қолданбайтыныңыз сияқты, Құдайдың да есімін орынсыз қолдану дұрыс емес. Алайда Ехоба өзін жақсы көретіндерден есімін қадір тұтады және оны өзгелерге паш етеді деп күтеді (Забур 68:31, 32; 95:2, 8). Кезінде Иса пайғамбар шәкірттеріне: “Көктегі Әкеміз, сенің есімің киелі тұтылсын!”,— деп дұға етуді үйреткен. Біз Құдайдың есімі жайлы өзгелерге айту арқылы оның есімінің киелі тұтылуына үлес қоса аламыз. Осылай еткеніміз бізді оған жақындата түседі (Матай 6:9).

Киелі кітапта Құдай өз “есімі туралы ой жүгіртетіндерге [мүмкін: бағалайтындарға]” ерекше ден қоятыны айтылған (Малахи 3:16 ЖД, сілтемені қараңыз). Осындай жандарға қатысты Ехоба: “Есімімді білгендіктен, оны қорғайтын боламын. Ол мені шақырады, ал мен жауап қатамын. Қиын шақтарда қасынан табыламын”,— деп уәде береді (Забур 91:14, 15 ЖД). Құдаймен жақын қарым-қатынас дамытқымыз келсе, Ехобаның есімін білу әрі оны қолдану аса маңызды.

^ абзац 4 Бір өкініштісі, жұртшылыққа Көне өсиет деген атпен танымал Еврей жазбаларында Құдай есімі жиі кездесетініне қарамастан, Киелі кітаптың көптеген аудармашылары оны өз аудармаларынан алып тастаған. Олар бұл есімді “Жаратқан Ие” не “Құдай” сияқты лауазымдармен алмастырған. Осы жайлы көбірек мәліметті Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 195—197 беттерінен оқи аласыз.