Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАПТЫ СҮЙІП ОҚИСЫЗ БА?

Оқуды қызықты етудің жолдары

Оқуды қызықты етудің жолдары

Киелі кітапты оқудан сіздің ішіңіз пысып кете ме? Әлде, керісінше, одан рақат табасыз ба? Бұл көп жағдайда өзіңізге байланысты. Қазір Киелі кітапты қызығып оқуға көмектесетін әдістерді қарастырайық.

Сенімді әрі заманауи аударманы таңдаңыз. Түсіну қиын, көнерген сөздері көп мәліметті оқу кім-кімге де ұнай бермейді. Киелі кітаптың сөздері жүрегіңізге жету үшін түсінуге жеңіл аударманы таңдаңыз. Оның мұқият әрі тура аударылған болуы да өте маңызды *.

Жаңа технологияны қолданыңыз. Бүгінде Киелі кітаптың баспа түрі ғана емес, электронды нұсқасы да бар. Оны компьютер, планшет не ұялы телефонда онлайн оқуға немесе жүктеп алуға болады. Кейбір нұсқаларында қосымша функциялар бар. Мысалы, берілген ойға қатысты Киелі кітаптың басқа тармақтарын тез тауып алуға, тіпті бірнеше аудармаларды салыстырып көруге болады. Ал оқудан гөрі тыңдағанды ұнататындар үшін кей тілдерде Киелі кітаптың аудио нұсқалары бар. Көп адам қоғамдық көлікпен келе жатқанда не тыңдауға мүмкіндік беретін істермен айналысқанда, Киелі кітаптың аудио нұсқасын тыңдауды жөн көреді. Мүмкін, сіз де өзіңізге қолайлы нұсқасын таба алатын шығарсыз.

Зерттеу құралдарын қолданыңыз. Бұл құралдар Киелі кітаптағы мәліметтің көп пайдасын көруге септігін тигізеді. Мысалы, карталар Киелі кітаптағы оқиғалардың қай жерде орын алғанын елестетіп, оларды жан-жақты қарастыруға көмектеседі. Сондай-ақ осы журналдағы және jw.org веб-сайтымыздың “Киелі кітап тәлімдері” санатындағы сияқты мақалалар Киелі жазбалардың мәнін аша түседі.

Түрлендіріп оқып көріңіз. Бәлкім, сізге Киелі кітапты басынан аяғына дейін оқып шығу қиын шығар. Онда ынтаңызды арттыру үшін, алдымен өзіңізге ұнайтын жерінен бастап оқысаңыз болады. Мысалы, Киелі кітаптағы көрнекті тұлғалар жайында білу үшін оның кейіпкерлерін таңдап оқып көріңіз. Мұның бір үлгісі “ Мазмұнына үңіліп, кейіпкерлерін біле түсіңіз” деген қоршауда келтірілген. Сондай-ақ Киелі кітапты тақырып бойынша немесе оқиғалардың хронологиялық реті бойынша да оқуға болады. Осы әдістердің бірін неге қолданып көрмеске?

^ 4-абзац Көп адам “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” тура, сенімді әрі оқуға жеңіл екенін байқаған. Киелі кітаптың бұл аудармасын Ехоба куәгерлері жасаған, әрі ол бүгінде 130-дан аса тілде қолжетімді. Оны jw.org сайтынан жүктеп алуға немесе JW Library қосымшасын жүктеп, сол жерден оқуға болады. Я болмаса Ехоба куәгерлерінен оның басылып шыққан данасын сұрай аласыз.

^ 45-абзац Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

^ 46-абзац Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

^ 47-абзац Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.

^ 48-абзац Бұл басылым әзірге қазақ тілінде жоқ.