Даниял 12:1—13

  • “Ақырғы уақыт” және содан кейін (1—13)

    • Микайл әрекет етеді (1)

    • Терең түсінігі барлар жарқырап нұр шашады (3)

    • Шынайы білім молая түседі (4)

    • Даниял үлесін алу үшін тұрады (13)

12  Сол уақытта Микайл+, халқыңның мүддесін қорғап тұрған ұлы әмірші+, әрекет ететін болады. Сонда халық пайда болғалы бері, бұрын-соңды басқа түспеген қиын-қыстау уақыт болады. Сол уақытта сенің халқың, кітапта жазылған әркім+, аман қалады+.  Жер қойнында ұйықтап жатқандардың көбі оянады. Олардың кейбірі мәңгі өмір сүру үшін оянса, ал өзгелері масқара болып, мәңгілік бойы жеккөрінішпен еске алынады.  Терең түсінігі барлар аспан күмбезіндей жарқырап нұр шашады, көпшілікті әділдікке жеткізетіндер жұлдыздардай мәңгі бақи жарқырайды.  Ал сен, Даниял, ақырғы уақытқа дейін бұл сөздерді құпия сақтап, кітапты мөрмен бекітіп қой+. Көп адам тыңғылықты іздестіріп*, шынайы білім молая түседі+”.  Сосын мен, Даниял, қарасам, басқа екі тұлғаның тұрғанын көрдім: бірі ағыстың бергі жағасында, ал екіншісі арғы жағасында тұр екен+.  Оның біреуі зығыр матадан киім киген+ әрі ағыстың үстінде тұрғаннан: “Осы ғажайып жайттар орындалып біткенге дейін қанша уақыт өтеді?”— деп сұрады.  Сонда мен зығыр матадан киім киген әрі ағыстың үстінде тұрған кісінің оң қолы мен сол қолын көкке көтеріп, мәңгі жасайтын Тұлғамен+ ант етіп, былай дегенін естідім: “Белгіленген бір уақыт, белгіленген екі уақыт және жарты уақыт* өтеді. Қасиетті халықтың күшін күйрету соңына жетісімен+, осы жайттардың бәрі бітеді”.  Ал мен болсам, естісем де, түсінбедім+. Сондықтан: “Уа, ием, мұның бәрі немен бітеді?”— деп сұрадым.  Сонда ол былай деді: “Бар, Даниял, себебі ақырғы уақытқа дейін бұл сөздер құпия сақталып, мөрмен бекітулі болады+. 10  Көп адам өздерін тазартады, ағартады, сондай-ақ олар сыналатын болады+. Зұлымдар зұлымдығын жасайды, олардың ешқайсысы бұл сөздерді ұқпайды. Бірақ ақыл-парасаты барлар ұғады+. 11  Ұдайы шалынатын құрбандықтар+ тоқтатылып, қаңыратып бос қалдыратын жеркенішті нәрсе орнатылғаннан+ бастап 1290 күн өтеді. 12  1335 күн біткенше, күтетін* адам бақытты! 13  Өзің соңына дейін адалдық сақта. Сен тыным табасың, ал күндердің соңында үлесіңді алу үшін тұрасың+”.

Сілтемелер

Немесе “оны [яғни кітапты] тыңғылықты зерттейді”.
Сөзбе-сөз “белгіленген уақыт, белгіленген уақыттар және жарты уақыт”.
Немесе “шыдаммен күтетін; қатты күтетін”.