Жақып 4:1—17

  • Осы дүниемен дос болмаңдар (1—12)

    • Ібіліске қарсы тұрыңдар (7)

    • Құдайға жақындаңдар (8)

  • Көкірек болудан сақтандыру (13—17)

    • “Ехобаның қалауы болса” (15)

4  Араларыңда қақтығыс пен дау-жанжал қайдан шығады? Бойларыңдағы күресіп жатқан құмарлықтарыңнан туады емес пе+?  Сендер қалайсыңдар, бірақ иемденбейсіңдер; кісі өлтіресіңдер, сұқтанасыңдар, бірақ аңсағандарыңа қол жеткізе алмайсыңдар. Жанжалдасып, қақтығысуды да қоймайсыңдар+. Ал ие болмауларыңның себебі — Құдайдан сұрамайсыңдар.  Сұрасаңдар да, алмайсыңдар, өйткені құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін арам ниетпен сұрайсыңдар.  Опасыздар*, осы дүниемен дос болу — Құдаймен жауласу екенін білмейсіңдер ме? Сондықтан кім осы дүниемен достасқысы келсе, сол өзін Құдайға жау етеді+.  Әлде Жазбада: “Бойымыздағы қызғаныш рухы әйтеуір бір нәрсені құмартады да тұрады”+,— деп бекер айтылған дейсіңдер ме?  Алайда Құдайдың көрсететін рақымы мұндай рухтан әлдеқайда зор. Сондықтан да: “Құдай тәкаппарларға қарсы тұрады+, ал кішіпейілдерге рақымын төгеді”+,— делінген.  Олай болса, Құдайға бағыныңдар+, ал Ібіліске қарсы тұрыңдар+, сонда ол сендерден қашып кетеді+.  Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды+. Күнәкарлар, қолдарыңды жуыңдар+! Екіойлылар, жүректеріңді тазартыңдар+!  Қиналып, қайғырып, жылаңдар+. Күлкілерің қайғыға, қуаныштарың мұңға айналсын! 10  Ехобаның алдында кішірейіңдер+, сонда ол сендерді жоғарылатады+. 11  Бауырластар, бір-біріңді жамандауды доғарыңдар+! Бауырласын жамандайтын не соттайтын адам заңға қарсы сөйлеп, заңды соттайды. Егер заңды соттайтын болсаң, оны орындаушы емес, соттаушы болғаның. 12  Адамды құтқара да, құрта да алатын+ бір ғана Заң шығарушы әрі Соттаушы бар+. Ал өзгені соттайтындай сен кімсің+?! 13  “Бүгін не ертең пәлен қалаға барып, сонда бір жыл тұрып, сауда жасап, пайда табамыз” дейтіндерің құлақ түріңдер+: 14  сендер ертең өмірлеріңде не болатынын білмейсіңдер+. Өйткені сендер аз уақытқа пайда болып, кейін ғайып болатын бусыңдар+. 15  Мұның орнына: “Ехобаның қалауы болса+, аман жүріп, мынаны не ананы істейміз”,— дегендерің жөн. 16  Ал сендер паңдана мақтанып, көкірек көтересіңдер. Бұндай көкіректіктің бәрі — зұлымдық. 17  Қалай дұрыс әрекет ету керектігін білсе де, солай етпейтін адам күнә жасайды+.

Сілтемелер

Немесе “Неке адалдығын бұзушылар”.