Зәбүр 49:1—20

  • Байлыққа арқа сүйеу — ақымақтық

    • Пенде өзгенің төлемін өтей алмайды (7, 8)

    • Құдай адамды көрден құтқарады (15)

    • Байлық өлімнен құтқармайды (16, 17)

Ән-күй жетекшісіне. Қорах ұлдарының жыры+. 49  Күллі халықтар, мынаны тыңдаңдар,Жержүзінің тұрғындары, назар салыңдар,   Қарапайымдар мен ұлықтар,Байлар мен кедейлер — бәрің де тыңдаңдар.   Аузымнан дана сөздер шығады,Жүрек толғанысымнан+ түсінік байқалады.   Мен нақыл сөзге құлақ саламын,Арфада ойнап, жұмбағымның шешімін айтамын.   Қиын-қыстау кезеңде,Көзімді құртқысы келетін зұлымдар қоршағанда,Неге мен қорқуым керек+?!   Әл-ауқатына сенетіндердің+,Ұлан-ғайыр байлығына мақтанатындардың+   Ешқайсысы өзгенің төлемін өтей алмайды,Ол үшін Құдайға төлем де бере алмайды+.   (Адамның жаны үшін берілетін төлемнің құны тым жоғары,Пенде атаулы оны ешқашан төлей алмайды.)   Мәңгі өмір сүруі үшін, көрге түсірмей аман алып қала алмайды+. 10  Себебі олар тіпті дана жанның да өлетінін,Ақымақ пен санасыздың да бірге құрып кетіп+,Бар мал-мүлкінің өзгеге қалатынын біледі+. 11  Олар үйлерінің мәңгі тұрып,Шатырларының ұрпақтан ұрпаққа қалғанын қалайды. Иелігіндегі жерлеріне өз аттарын береді. 12  Бірақ, қанша құрметті болса да, адам ұзақ жасамайды+,Ол құрып жоқ болатын хайуанға ұқсайды+. 13  Ақымақтардың да,Солардың бос сөздерін ұнатып, оларға еретіндердің деЖүрер жолы осындай болады+. (Села) 14  Оларды қой іспетті көрге* айдап апарады. Ал бағушысы өлім болады. Таңертең әділдер оларға билік жүргізеді+. Олар іздері де қалмай құрып кетеді+. Оларға зәулім сарай емес, көр*+ үй болады+. 15  Ал мені Құдай төлемімді өтеп, көрдің* билігінен* құтқарады+,Өйткені ол мені қамқорына алады. (Села) 16  Адамның байығанынан,Үйінің салтанаты молайғанынан қорықпа, 17  Себебі ол өлгенде, өзімен ештеңе де алып кете алмайды+,Салтанаты да оған еріп бармайды+. 18  Өйткені тірі кезінде ол өзін мақтаумен болды+. (Табысқа жеткеніңде, жұрт сені мадақтайды+.) 19  Бірақ ақыр соңында бабаларына барып қосылады. Олар енді қайтып жарықты көрмейді. 20  Мұны түсінбейтін адам, қанша құрметті болса да+,Құрып жоқ болатын хайуанға ұқсайды.

Сілтемелер

Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “қолынан”.