Лұқа 9:1—62

  • 12 елшіге қызметке қатысты нұсқау беру (1—6)

  • Иса туралы естіп, Иродтың абыржуы (7—9)

  • Исаның 5000 адамды тамақтандыруы (10—17)

  • Петірдің Исаның Мәсіх екенін айтуы (18—20)

  • Исаның өлімі жайлы алдын ала айтылуы (21, 22)

  • Нағыз шәкіртке қойылатын талап (23—27)

  • Исаның сырт көрінісінің өзгеріске түсуі (28—36)

  • Жын буған баланың сауығуы (37—43а)

  • Исаның өлімі жайлы тағы да алдын ала айтылуы (43ә—45)

  • Ұлы болуға қатысты шәкірттер арасындағы дау (46—48)

  • Бізге қарсы болмаған адам бізге жақ (49, 50)

  • Самариялық ауылдың Исаны қабылдамауы (51—56)

  • Исаның соңынан еру (57—62)

9  Бұдан кейін Иса 12 елшісін шақырып алып, оларға жындарды қуып шығаратын және ауру-сырқауларды сауықтыратын күш пен билік берді+.  Сосын оларды Құдай Патшалығы туралы уағыздауға, ауруларды сауықтыруға жіберіп,  былай деді: “Жолға ештеңе — таяқ та, тамақ салатын дорба да, нан да, ақша* да, артық* киім де — алмаңдар+.  Барған жерлеріңде қай үйге түссеңдер, қайта жолға шыққанша, сонда қалыңдар+.  Егер қайсыбір жерде жұрт сендерді қабылдамаса, оларға куәлік болу үшін сол қаладан шығарда аяқтарыңдағы шаңды қағып тастаңдар*+”.  Олар жолға шығып, ауыл-ауылды аралап, барлық жерде ізгі хабарды жариялады және науқастарды сауықтырды+.  Аймақ әкімі Ирод* болып жатқан жайттың бәрін естігенде, әбден абыржыды. Өйткені біреулер: “Жақия қайта тіріліпті”,— десе+,  өзге біреулер: “Ілияс келіпті”,— деп, ал тағы біреулер: “Ежелгі пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті”,— деп жүр еді+.  Ирод: “Жақияның басын өзім алдырттым+. Ал осы естігендерімді істеп жүрген бұл кісі кім екен?”— деп, оны қатты көргісі келді+. 10  Елшілер қайтып келіп, істегендерінің бәрін Исаға айтып берді+. Иса оларды ертіп, өздері ғана Бетсайда деген қалаға жөнелді+. 11  Бірақ мұны біліп алған халық оның соңынан ілесті. Иса оларды жылы қабылдап, Құдай Патшалығы туралы айта бастады, сондай-ақ араларындағы науқастарды сауықтырды+. 12  Кеш түсе бастағанда 12 елшісі Исаға келіп: “Жұртты таратып жіберіңіз. Олар төңіректегі ауылдар мен елді мекендерге барып, жатар орын мен тамақ тауып алсын. Бұл — елсіз жер ғой”,— деді+. 13  Бірақ Иса: “Оларға тамақты сендер беріңдер”+,— деп жауап берді. Шәкірттер болса: “Бізде бес нан мен екі балықтан басқа ештеңе жоқ. Әлде барып, мына адамдардың бәріне тамақ сатып әкелейік пе?”— деді. 14  Ал ол жерде 5000-дай ер адам бар еді. Иса шәкірттеріне: “Халықты шамамен елу-елуден топтастырып, жайғастырыңдар”,— деді. 15  Олар бәрін солай етіп жайғастырды. 16  Сосын Иса бес нан мен екі балықты алып, көкке қарап дұға етті де, халыққа үлестіру үшін нанды сындырып, шәкірттеріне бере бастады, балықтарды да берді. 17  Содан бәрі тамақтанып, тойып алды. Ал артылғанын жинап алғанда, 12 себет болды+. 18  Кейіндеу Иса оңаша жерде дұға етіп отырғанда, қасына шәкірттері келді. Иса олардан: “Жұрт мені кім деп жүр?”— деп сұрады+. 19  Бұған олар: “Біреулер шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия десе, өзге біреулер Ілияс, тағы біреулер ежелгі пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті деп жүр”,— деді+. 20  Сонда Иса: “Ал сендер мені кім дейсіңдер?”— деп сұрады. Бұған Петір: “Сіз Құдай жіберген Мәсіхсіз”,— деп жауап берді+. 21  Иса оларға бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатаң ескертіп+, 22  тағы былай деді: “Адам Ұлы көп қасірет шегуі тиіс. Ақсақалдар, жоғарғы діни қызметкерлер* мен дін мұғалімдері одан бас тартады. Сосын ол өлтіріледі+, бірақ үшінші күні қайта тіріледі”+. 23  Содан кейін бәріне мынаны айтты: “Кім менің соңымнан ергісі келсе, өзінен бас тартып+, күн сайын азап бағанасын* алып, ұдайы соңымнан еріп жүрсін+. 24  Себебі кім жанын сақтағысы келсе, одан айырылады, ал кім мен үшін жанынан айырылса, оны сақтап қалады+. 25  Шынында да, адам бүкіл дүниеге ие болып, бірақ өзіне нұқсан келтірсе не өмірінен айырылса, бұдан не пайда+? 26  Кім менің шәкіртім болуға және менің сөзіме сенуге ұялса, Адам Ұлы өзінің, Әкенің және киелі періштелердің салтанатты ұлылығымен келгенде, сол адам үшін ұялатын болады+. 27  Сендерге шындығын айтамын, осында тұрғандардың кейбірі Құдай Патшалығының келгенін көрмейінше, өлмейді+”. 28  Осы сөздерді айтқаннан шамамен сегіз күн өткен соң, ол Петірді, Жохан мен Жақыпты ертіп, дұға ету үшін тауға көтерілді+. 29  Ол дұға етіп жатқанда, бет әлпеті өзгеріп, ал киімі аппақ болып жарқырады. 30  Кенеттен екі адам пайда болып, онымен сөйлесіп тұрды. Оның бірі Мұса, екіншісі Ілияс болатын. 31  Бұл екеуі салтанатты ұлылықпен көрініп, Исамен оның Иерусалим қаласында осы дүниеден кетуі тиіс екені жөнінде сөйлесті+. 32  Ал Петір мен қасындағы жолдастарын ұйқы басқан еді. Олар оянғанда, Исаның ұлылығын әрі қасында тұрған екі адамды көрді+. 33  Ол екеуі кеткелі жатқанда, Петір Исаға: “Ұстаз, осында болғанымыз қандай жақсы! Біз біреуін сізге, біреуін Мұсаға, тағы біреуін Ілиясқа арнап үш күрке жасайық”,— деді. Ол өзінің не айтып тұрғанын түсінген жоқ. 34  Петір әлі сөйлеп тұрғанда, бір бұлт пайда болып, оларды орап алды. Бұлттың арасында қалған олар қорқып кетті. 35  Сонда бұлт арасынан: “Бұл — менің таңдап алған Ұлым+. Оны тыңдаңдар+!”— деген дауыс шықты+. 36  Дауыс естілгенде, олар Исаның жалғыз тұрғанын көрді. Бірақ осы көргендері туралы сол күндері ешкімге айтпай, іштерінде сақтап жүрді+. 37  Ертесіне олар таудан түскенде, қалың жұрт оны күтіп алды+. 38  Сонда жұрттың арасынан біреу дауыстап былай деді: “Ұстаз, менің ұлыма назар сала көріңіз! Ол — жалғыз ұлым+. 39  Жын буғанда, ол айғайлап жібереді. Жын оны қалшылдатып, аузынан көбігін ағызып, әбден азаптап, әрең босатады. 40  Шәкірттеріңізден жынды қуып шығаруын өтінген едім, бірақ қолдарынан келмеді”. 41  Иса: “Ей, сенімі жоқ, бұзылған ұрпақ-ай+! Қашанға дейін қастарыңда болып, сендерге төзбекпін? Балаңызды осында әкеліңіз”,— деді+. 42  Бала оған жақындап қалғанда, жын оны жерге алып ұрып, қатты қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салды да, баланы сауықтырып, әкесіне табыс етті. 43  Сонда жұрттың бәрі Құдайдың зор құдіретіне қайран қалды. Олар Исаның жасаған барлық істеріне таңғалып тұрғанда, ол шәкірттеріне былай деді: 44  “Мына сөздерге мұқият құлақ салып, естеріңде ұстаңдар: Адам Ұлы жауларының қолына ұсталып беріледі”+. 45  Бірақ шәкірттері бұл сөздердің мағынасын түсінбеді, өйткені бұл олар үшін жасырын еді. Алайда сұрақ қоюға батылдары бармады. 46  Шәкірттердің арасында қайсысы ең ұлы екеніне қатысты дау туды+. 47  Иса олардың жүректеріндегі ойларын біліп, бір кішкентай баланы шақырып алып, қасына тұрғызды да, 48  былай деді: “Кімде-кім менің атымнан осы кішкентай баланы қабылдаса, мені де қабылдағаны, ал мені қабылдаса, мені жібергенді де қабылдағаны+. Өйткені араларыңда кім өзін кіші тұтса, сол — ұлыларың”+. 49  Жохан оған: “Ұстаз, сіздің атыңызбен жындарды қуып шығарып жүрген біреуді көрдік, бізбен бірге жүрмегендіктен, оған тыйым салуға тырыстық”,— деді+. 50  Иса: “Оған кедергі жасамаңдар. Өйткені сендерге қарсы болмаған адам сендерге жақ”,— деп жауап берді. 51  Көкке көтерілетін күні жақындап келе жатқандықтан+, Иса Иерусалимге баруға бел буды. 52  Ол алдын ала бірнеше шәкіртін жіберді. Олар жолға шығып, Исаға керекті даярлықтар жасау үшін самариялықтардың бір ауылына кірді. 53  Бірақ сол ауылдың адамдары Исаны қабылдамады+, өйткені ол Иерусалимге бет алған еді. 54  Шәкірттері Жақып пен Жохан+ мұны көріп: “Ием, көктен от түсіп, оларды жойсын деп бұйырғанымызды қалайсыз ба?”+— деді. 55  Бірақ ол екеуіне бұрылып, тыйым салды. 56  Сөйтіп, олар басқа ауылға бет алды. 57  Олар жолда келе жатқанда, біреу оған: “Қайда барсаңыз да, мен сізге еремін”,— деді. 58  Иса оған: “Түлкілердің іні, құстардың ұясы бар, ал Адам Ұлының бас тірейтін тұрағы да жоқ”,— деп жауап қатты+. 59  Басқа біреуге Иса: “Менің ізбасарым бол”,— дегенде, ол: “Ием, алдымен әкеме барайын, оны жерлеген соң келуге рұқсат етіңіз”,— деді+. 60  Бірақ Иса: “Өлгендерін жерлеуді өлілерге қалдыр+. Ал өзің барып, барлық жерде Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жарияла”,— деді+. 61  Тағы біреу оған: “Ием, мен сізге еремін. Бірақ алдымен үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңіз”,— деді. 62  Иса болса: “Қолына соқа ұстап, артына жалтақтай беретін адам+ Құдай Патшалығына кіруге лайықсыз+”,— деп жауап берді.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “күміс”.
Сөзбе-сөз “екі”.
Аяқтың шаңын қағу адамның өз мойнынан жауапкершілікті алып тастауын білдіреді.
Яғни Ирод Антипас. Түсіндірмені қараңыз.