Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Алғы сөз

Алғы сөз

БҰЛ кітапта шын мәнінде болған оқиғалар жазылған. Бұл оқиғалар әлемдегі кітаптардың ең үздігі — Киелі кітаптан алынған. Осы әңгімеленіп отырған оқиғалар Құдайдың әлемді жаратуынан бастап біздің күндерімізге дейінгі бүкіл дүние жүзінің тарихын қамтиды. Сонымен қатар бұл кітапта Құдайдың болашаққа қатысты уәдесі әңгімеленеді.

Осы кітаптың арқасында сендер Киелі кітаппен толық таныса аласыңдар. Бұл кітапта Киелі кітаптың кейіпкерлері мен олардың өмірі баян етіледі. Сондай-ақ бұл кітап Құдайдың адамзатқа берген ғажап үмітін, атап айтқанда, адамдардың жер бетіндегі жұмақта мәңгі өмір сүруге мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді.

Аталмыш кітап жүз он алты оқиғадан тұрады. Оқиғалар сегіз бөлімге бөлінген. Әрбір бөлімнің басында қысқаша шолу жасалады. Әңгімелердің реті болған оқиғалардың тәртібі бойынша орналасқан. Осылайша сендер қай оқиғадан кейін қай оқиға болғанын білетін боласыңдар.

Оқиғалар қарапайым тілде әңгімеленеді. Сондықтан, балалар, көпшіліктерің бұл кітапты өздерің оқи аласыңдар. Ал сіздер, ата-аналар, бұл әңгімелерді қайталап оқып берген сайын, балаларыңыздың қалай мәз-мәйрам болғанын көресіздер. Осылайша бұл кітапта балалар үшін де, ересектер үшін де қызықты нәрселердің көп екендігін көресіздер.

Әрбір әңгіменің соңында Киелі кітапқа сілтемелер келтіріледі. Әңгімелер осы сілтемелерге негізделгендіктен, келтірілген Киелі кітап үзінділерін ашып оқығандарыңыз жөн.