Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ИНДОНЕЗИЯ

Индонезия туралы жалпы мағлұмат

Индонезия туралы жалпы мағлұмат

Жері. Индонезия — Австралия мен континенталды Азияның арасында экваторды бойлай орналасқан мемлекет. Ол дүниедегі ең үлкен топтасқан аралдарда — 17 500-ден астам аралда — орналасқан. Бұл аралдардың көбісі таулы-қырлы әрі ну орманды болып келеді. Мұнда 100-ден астам белсенді жанартау болғандықтан, Индонезияның жері дүниедегі ең жанартаулы аймақ болып табылады.

Халқы. Индонезия халық саны бойынша төртінші орында (Қытай, Үндістан және Құрама Штаттардан кейін) және 300-ден астам этникалық топтардың мекені. Халқының жартысынан көбін явандықтар мен сундандықтар құрайды.

Діні. Индонезиялықтардың шамамен 90 пайызы — мұсылмандар. Қалғандары көбіне индуизм, буддизм және христиан дінін ұстанады. Көп адам жергілікті діни салт-жораларды да ұстанады.

Тілі. Бұл аралдар тобында 700-ден астам тілді естуге болады. Бірақ Индонезияның негізгі тілі — малай тілінен шыққан индонезия тілі.

Шаруашылығы. Жұрттың көбісі жер өңдеумен не саудамен айналысады. Жері минералдарға, ағашқа, шикі мұнайға және табиғи газға бай, сондай-ақ Индонезия каучук пен пальма майын өндіруші елдердің алдыңғы қатарында.

Тағамдары. Индонезия елінің негізгі азығы — күріш. Мұнда на́си горе́нг (қуырылған күріш, жұмыртқа және көкөністер), сатай (кәуап сияқты дайындалатын ет) және гадо́-гадо́ (жержаңғақ тұздығы қосылған салат) сияқты тағамдар жиі дайындалады.

Климаты. Ыстық әрі ылғалды. Жаздық ылғалды жел мұхиттан ылғалды ауа әкелсе, қысқы құрғақ жел құрлықтан мұхитқа құрғақ ауа тасымалдайды. Жиі дауылдар болып тұрады.