Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

155-ӘН

Мәңгі таусылмайтын қуаныш

Мәңгі таусылмайтын қуаныш

(Зәбүр 16:11)

  1. 1. Сан мың жұлдыз жымың қаққан

    Тұнық аспанда.

    Тек махаббаттан жаралған

    Жер мен ғалам да,

    Мұхит-теңіз, кербез дала.

    Тамсандың өз туындыңа,

    Қарап қуана.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әдемі қандай істерің,

    Шынайы үміт — сөздерің,

    Жұмаққа есік аштың.

    Адамның сүйдің сен бәрін,

    Өзіңсің, Әке, қайнары

    Шаттық пен қуаныштың

    Мәңгі таусылмайтын!

  2. 2. Ехоба, бізді мінсіз қып,

    Ғажап жараттың.

    Көріп, естуді, сезуді

    Бойға дарыттың.

    Кемелді өмірді қамдап,

    Жүрекке мәңгілік салдың,

    Шаттық сыйладың.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әдемі қандай істерің,

    Шынайы үміт — сөздерің,

    Жұмаққа есік аштың.

    Адамның сүйдің сен бәрін,

    Өзіңсің, Әке, қайнары

    Шаттық пен қуаныштың

    Мәңгі таусылмайтын!

    ӨТКЕЛ:

    Сенсіз татпас едік

    Нағыз қуаныш дәмін,

    Ұлыңның құны бөледі

    Бізді шаттыққа мәңгілік.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әдемі қандай істерің,

    Шынайы үміт — сөздерің,

    Жұмаққа есік аштың.

    Адамның сүйдің сен бәрін,

    Өзіңсің, Әке, қайнары

    Шаттық пен қуаныштың

    Мәңгі таусылмайтын!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Әдемі қандай істерің,

    Шынайы үміт — сөздерің,

    Жұмаққа есік аштың.

    Адамның сүйдің сен бәрін,

    Өзіңсің, Әке, қайнары

    Шаттық пен қуаныштың

    Мәңгі таусылмайтын!

(Сондай-ақ Зб 37:4; Қ1х 15:28 қараңыз.)