Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

64-ӘН

Егін жинауға қуана атсалысу

Егін жинауға қуана атсалысу

(Матай 13:1—23)

  1. 1. Біздің кез — егін жинайтын кез,

    Бөлейді үлкен құрметке.

    Өзге істерге алаңдамай,

    Кеттік кірісіп міндетке.

    Исамен бірге еңбектеніп,

    Назарға алдық үлгісін.

    Шаттыққа бөлейді көргеніміз

    Уағыз ісінің үрдісін.

  2. 2. Шын сүйгендіктен адамдарды,

    Бүгін қауырт іс басталды.

    Тәлім беруге асығамыз,

    Өйткені уақыт аз қалды.

    Сүйеміз жомарт Құдайды да,

    Бізге алақанын ашқан.

    Соңына дейін атқарсақ дейміз

    Бұл істі бізге тапсырған.