Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2017 жылы өткен Ғалақат мектебінің сыныбы

САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Ғалақат мектебі — халықаралық мектеп

Ғалақат мектебі — халықаралық мектеп

1 ЖЕЛТОҚСАН, 2020

 Әр жылы жер жаһандағы арнайы толық уақытты қызметшілер Күзет мұнарасының Ғалақат Киелі кітап мектебінен білім алу үшін Паттерсондағы Күзет мұнарасының білім орталығына шақырылады a. Олар бұл мектептен Ехобаның ұйымындағы әртүрлі тапсырмаларын одан сайын тиімді атқаруды үйренеді. Бұл мектеп оларға дүниежүзіндегі қауымдарды, филиалдарды нығайтуға көмектеседі.

 Ғалақат расымен де халықаралық мектеп. Мысалы, 2019 жылы өткен 147-нші сыныпта оқыған 56 студент 29 мемлекеттен жиналған. Білім алуға келген осы студенттер арнайы ізашар, бетелдік, миссионер не аралаушы бақылаушы сияқты арнайы толық уақытты қызмет атқарған.

 Мектепке дайындық сабақ басталмай тұрып ұзақ уақыт бұрын қолға алынады. Дүниежүзілік бас басқарманың сапар бөлімі мектепке шақырылғандарға билет сатып алады. Мысалы, Ғалақаттың 147-сыныбында оқыған әрбір шетелдік студентке екі жаққа арналған билет орта есеппен 1075 АҚШ доллардан шықты. Соломон аралдарындағы студенттерге Паттерсонға жету үшін төрт рейс жасау керек болды, ал қайту үшін үш рейс. Жалпы алғанда, олар 35 400 километр жол жүрді! Мұндай жол жүру әрбір студентке 2300 АҚШ долларынан шықты. Ақшаны үнемдеу үшін сапар бөлімі арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы ұтымды бағадағы билеттер іздестіреді. Осылайша билеттер брондалып қойылады. Десе де компьютерлік бағдарлама апталар бойы, тіпті айлар бойы арзанырақ билеттер іздей береді. Сондай-ақ осы бөлім садақа етілген бонустық карталар мен басқа да жеңілдіктерді қолданады.

 Құрама Штаттарға бару үшін көптеген студенттерге виза керек. Бұл ретте бас басқарманың заң бөлімі студенттерге арналған виза алуға көмектеседі. Виза алу үшін және тіркеуден өту үшін әрбір студентке орта есеппен 510 АҚШ доллары жұмсалады.

 Студенттердің осы мектепте оқығаны бізге қандай пайдасын тигізеді? Хендра Гунаван деген бауырлас оңтүстік-шығыс Азиядағы бір қауымда ақсақал болып қызмет етеді. Оның қауымында Ғалақат мектебін бітірген ерлі-зайыпты қызмет етеді. Ол былай дейді: “Бастапқыда, біздің қауымда бірде-бір тұрақты ізашар болмады. Бірақ кейін, осы ерлі-зайыпты біздің қауымға келген соң олардың құлшыныстары мен жалынды рухы басқаларға әсер етіп, көбісі ізашар болуды шешті. Уақыт өте, тіпті біздің қауымдағы бір әйел бауырлас Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептен өтті!”

 Серджио Панджайтан бауырлас болса, солтүстік-шығыс Азиядағы Бетелде Ғалақат мектебінен өткен бауырластармен қызметтеседі. Ол былай дейді: “Олардың сол мектепте оқығандары өздері үшін ғана емес, біз үшін де бата болды. Рас, олар көп нәрсеге үйреніп келді. Бірақ сонда да олар өздерін кіші ұстап, өзгелерге білгендерімен бөлісуге дайын болды. Осының арқасында олар бізді жігерлендіреді, ал біз өзгелерді жігерлендіре аламыз”.

 Осы мектепке жұмсалатын шығындар қалай өтеледі? Дүниежүзілік іске жіберілетін садақалар арқылы. Осы садақалар donate.dan124.com сайтында көрсетілген көптеген жолдармен жасалады. Сіздердің осы мектепті қолдау үшін жасап жатқан садақаларыңыз үшін көп рақмет!

a Мектеп бағдарламасын Басқарушы кеңестің Білім беру комитетінің басшылығымен Теократиялық мектептер бөлімі дайындайды. Мектепті осы бөлімнің оқытушылары мен шақырылған оқытушылар жүргізеді. Оның ішінде Басқарушы кеңестің мүшелері де бар.