Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

САДАҚАЛАРЫҢЫЗ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

Қауым кездесулерін бейнеконференция арқылы өткізу

Қауым кездесулерін бейнеконференция арқылы өткізу

26 МАУСЫМ, 2020 ЖЫЛ

 Дүниежүзіндегі көптеген үкіметтер адамдардың бір-бірінен арақашықтық сақтауын талап етіп, жиындарға тыйым салуда. Ехоба куәгерлері үкіметтің талаптарын барынша орындайды. Десе де олар сақтық шараларын ұстанып, Құдайға ғибадат етуді жалғастырып жатыр. Бұл үшін қауымдар “Zoom” сияқты бейнеконференция қосымшаларын қолдануда.

 Қауым кездесулеріміз жүйелі түрде әрі қауіпсіз өту үшін Басқарушы кеңес ерікті садақаларды қолданып, “Zoom” есеп жазбаларын сатып алуға шешім қабылдады. Бұл кейбір қауымдарға үлкен көмек болды, өйткені олар бейнеконференцияға ай сайын 15—20 АҚШ долларын не одан да көп төлей алмас еді. Мұндай қауымдар тегін қосымшаларды қолданып жүрді. Бірақ ол қосымшалар арқылы тек шектеулі ғана адам қосыла алатын әрі оларды қолдану қауіпсіз емес еді. Ал қазір ұйымның “Zoom” есеп жазбаларын қолданатын қауымдар қауіпсіздікті қадағалай алады әрі кездесулерге көп адам қосыла алады. Қазіргі таңда бұл мүмкіндіктерді 170-тен көп елдегі 65000-нан астам қауым пайдаланып жатыр.

 Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясындағы Манадо қаласында орналасқан “Кайраги” қауымы тегін бейнеконференция қосымшасынан ұйымның “Zoom” есеп жазбасын қолдануға көшті. Хади Сантосо былай дейді: “Электронды құрылғылардың тілін білмейтін бауырластардың өзі қазір кездесулерге қиналмай қатысып жүр. Өйткені оларға енді кездесу барысында бірнеше рет қосылып жүрудің қажеті жоқ”.

 Эквадордың Гуаякиль қаласындағы “Гуаяканес-Оесте” қауымының ақсақалы Лестер Кихон былай дейді: “Бауырластардың көбісі ақша жағынан қиналатындықтан, кейбір қауымдар кездесулерге барлық бауырластар қатыса алу үшін “Zoom” лицензиясын өздері сатып ала алмас еді. Ал қазір ұйым алып берген “Zoom” лицензиясының арқасында біз қауым кездесулеріне көп адам шақыра аламыз, өйткені адам санына қатысты қойылған шектеуден асып кетеміз деп қорықпаймыз”.

 Замбияның Лусака қаласындағы “Нгверере-Норс” қауымында қызмет ететін Джонсон Мванза есімді ақсақал былай деп жазды: “Көптеген бауырластардың былай дегенін жиі естимін: “Ұйым кездесулердің “Zoom” арқылы өтуіне жағдай жасағанының арқасында біз бір-бірімізге жақындай түстік әрі Ехобаның сүйіспеншілігі мен қамқорлығын сезіндік”.

 Ұйым аталмыш есеп жазбаларды сатып алу үшін апаттан зардап шеккендерге көмектесуге арналған қордағы қаражатты қолданды. Бұл қорға қаражат дүниежүзілік іске арналған ерікті садақадан келіп түседі. Садақалар көбінесе donate.dan124.com сайты арқылы жасалады. Жомарттықпен берген садақаларыңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз. Садақаларыңыз дүниежүзіндегі бауырластарға жәрдемдесу үшін де қолданылады (Қорынттықтарға 2-хат 8:14).