Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, “әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық індет тәрізді жайылып кеткен әрі ол шұғыл түрде шара қолдануды талап етеді”. Осы ұйымның жүргізген зерттеуіне сай, әйелдердің 30 пайызға жуығын күйеулері не бірге тұратын ер адамдары ұрып-соғады және/немесе жыныстық зорлық көрсетеді. БҰҰ мәліметіне қарағанда, соңғы жылдардың бірінде әлемде күніге 137 әйел күйеуінің немесе жақын туысының қолынан қаза тапқан a.

 Жоғарыдағы статистикадан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауқымын көреміз. Бірақ одан құрбандардың жарақаттары мен жан жараларын көрмейміз.

 Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүрсіз бе? Бәлкім, бұған кезігіп жүрген біреуді білетін шығарсыз? Олай болса, Киелі кітаптан алынған келесі ойлар сізге жұбаныш береді деп үміттенеміз.

  Бұған сіз кінәлі емессіз

  Өзгелердің көмегіне жүгініңіз

  Сіз жалғыз емессіз

  Зорлық-зомбылық тоқтайды

  Сіз қалай қол ұшын бере аласыз?

 Бұған сіз кінәлі емессіз

 Киелі кітапта былай делінген: “Әрқайсысымыз өз іс-әрекетіміз үшін Құдай алдында есеп береміз” (Римдіктерге 14:12).

 Мынаны ұмытпаңыз: Сізді жәбірлеген адам өз ісіне жауапты.

 Егер ол өзінің әрекеттері үшін сізді кінәласа, сенбеңіз. Нәзік жандылардың ешқайсысы да қорлық көруге міндетті емес, қайта сүйіспеншілікке лайық (Қолостықтарға 3:19).

 Кей жағдайда адам психикалық ауытқуы болғандықтан, үйінде зорлық көріп өскендіктен немесе ішімдіктің әсерімен басқаны жәбірлейді. Десе де, ол өз әрекеттері үшін Құдайдың алдында жауап береді. Мінез-құлқын сіз емес, ол өзгертуі тиіс.

 Өзгелердің көмегіне жүгініңіз

 Киелі кітапта былай делінген: “Кеңесші көп болса, [жоспар] жүзеге асады” (Нақыл сөздер 15:22).

 Мынаны ұмытпаңыз: Өз жаныңыз үшін қорықсаңыз және не істеріңізді білмесеңіз, өзгелердің көмегіне жүгініңіз.

 Неге солай еткеніңіз дұрыс? Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық — өте күрделі мәселе. Үй ішінде әлімжеттіктен зардап шегетін адамға шешім қабылдау үшін көп жайтты ескеру керек. Мысалы:

  •   жеке бастың амандығын

  •   балалардың амандығын

  •   қаражат мәселесін

  •   серігіңізге деген махаббатыңызды

  •   ол өзгеретін шығар деген үмітіңізді

 Бәлкім, ойыңыз сан саққа кетіп, не істеріңізді білмей қиналып кеткен шығарсыз. Сізге кім көмектесе алады?

 Адал досыңыз не туысыңыз сізге қажетті көмек көрсете алады. Сізді уайымдайтын адаммен ішіңізді ақтарып сөйлескеннің өзінен әжептәуір жеңілдеп қаласыз.

 Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефондары бойынша хабарласып, тез көмек алуға болады. Ол жердегі қызметкерлер сізге қауіпсіздік шараларын түсіндіреді. Егер серігіңіз өзінің сондай проблемасы барын мойындаса, көмек көрсететін мекеменің қызметкерлері оған қажетті кеңестер бере алады.

 Басқа да жедел көмек көрсету мекемелері бар. Денсаулығыңызға қауіп төнгенде, жедел көмекке жүгініңіз. Мысалы, дәрігерлерге, медбикелерге не басқа да білікті мамандарға.

 Сіз жалғыз емессіз

 Киелі кітапта былай делінген: “Жүрегі жаралы жанға Ехоба b жақын тұрады, Сағы сынғандарды құтқарады” (Зәбүр 34:18).

 Мынаны ұмытпаңыз: Құдай сізге көмектесуді уәде етеді.

 Ехоба Құдай сіздің қамыңызды ойлайды (Петірдің 1-хаты 5:7). Ол жандүниеңізді жақсы түсінеді. Сіз Құдай Сөзі Киелі кітаптан жұбаныш таба аласыз. Жаратушымыз оған дұға етіп, сиынғанымызды қалайды. Одан қазіргі жағдайыңызда дұрыс әрекет етуге көмектесетін даналық пен күш сұраңыз (Ишая 41:10).

 Зорлық-зомбылық тоқтайды

 Киелі кітапта былай делінген: “Әркім өз жүзім бұтасы мен інжір ағашының түбінде отырады, ешкім де оларды қорқытпайды” (Миха 4:4).

 Мынаны ұмытпаңыз: Киелі кітапта әр адам өз үйінде өзін қауіпсіз сезінетін уақыт келетіні айтылған.

 Біздің проблемаларымызды тек Ехоба Құдай ғана біржола шешіп бере алады. Құдай Сөзінде былай делінген: “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды, енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4). Сол кезде бұрын болған жағымсыз жағдайлар тіпті еске де келмейді. Олардың орнын жағымды ойлар басады (Ишая 65:17). Киелі кітап болашақта нағыз тыныштық орнайтынын уәде етеді.

a Бұл мақалада зорлық-зомбылық құрбандары негізінен әйелдер болғанымен, жазылған ойлардың көбісі зардап шеккен ерлерге де қатысты.

b Ехоба — Киелі жазбаларда жазылған Құдайдың есімі.