Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Brais Seara/Moment via Getty Images

“СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!”

Қатты құрғақшылықтар. Киелі кітапта не делінген?

Қатты құрғақшылықтар. Киелі кітапта не делінген?
  •   “Қытайда ең қатты ыстық болып, тарихтағы ең құрғақ жаз осымен үшінші рет тіркелді” (“Гардиан”, 7 қыркүйек, 2022).

  •   “Африка елдерінде күшті қуаңшылықтар осымен бесінші жылға жалғасып бара жатыр” (БҰҰ жаңалықтары, 26 тамыз, 2022).

  •   “Еуропа елдерінің жартысынан көбі құрғақшылықтан зардап шеккелі тұр. Бұл соңғы 500 жылдағы ең жойқын құрғақшылық болуы ықтимал” (Би-Би-Си жаңалықтары, 23 тамыз, 2022).

 Сарапшылардың көбісі бұндай құрғақшылықтың беті қайта қоймайтынын, тіпті күшейе беретінін болжап отыр. Бір шешімі табылып, жағдай жақсаратынына үміт бар ма? Бұл жайында Киелі кітапта не делінген?

Құрғақшылық болатыны Киелі кітапта айтылған ба?

 Біздің кезіміз жайында Киелі кітапта былай жазылған:

  •   “Түрлі жерлерде ашаршылық... болады” (Лұқа 21:11).

 Қуаңшылықтың арты жиі ашаршылыққа апарады. Аштықтың кесірінен адамдардың қасірет шегіп, өлім құшатыны Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен (Аян 6:6, 8).

Құрғақшылық неге үдеп барады?

 Киелі кітапта бұның негізгі бір себебі ашылған. Онда былай дейді:

  •   “Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды” (Еремия 10:23).

 Яғни пенделер өз-өздерін ұтымды басқарып, өз күштерімен жетістікке жетуге дәрменсіз. Олардың таяз шешімдері жиі қуаңшылық пен су тапшылығына ұрындырып жатады.

  •   Адамдардың ісі жаһандық жылынуға әкеп соқтырып, жер-жерде құрғақшылық белең алып бара жатқанын көп ғалым мойындап отыр.

  •   Ашкөздік пен парықсыздықтың салдарынан жасыл ормандар шабылып, қоршаған орта ластанып, табиғат ресурстары теріс қолданылып жатыр. Бұның бәрі ауызсу қорына қауіп төндіріп тұр.

 Алайда Киелі кітап бізге үміт сыйлайды.

Болашағымыз қандай болмақ?

 Қазіргі су тапшылығы проблемасын Жаратушының өзі шешетін болады. Бұны қалай істейтінін Киелі кітаптан білеміз.

  1.  1. Құдай “жерді бүлдіргендерді құртады” (Аян 11:18). Ол қуаңшылық проблемасының көзін жояды, яғни қоршаған ортаға зиян әкеліп жатқан зұлым да ашкөз адамдарды құртады (Тімөтеге 2-хат 3:1, 2).

  2.  2. “Қуаң дала қамысты көлге айналады” (Ишая 35:1, 6, 7). Құдай құрғақшылықтан болған қиянаттың бәрін жойып, жер бесігімізді суы мол жасыл мекенге айналдырады.

  3.  3. “Сен жердің қамын жасайсың, Оның өнімін мол қыласың, байытасың” (Зәбүр 65:9). Жаратушының нұры жауып, жер мол өнім береді, мөлдір таза су да мол болады.