Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жоғары сол жақта: Marek M. Berezowski/​Anadolu Agency via Getty Images; төменгі сол жақта: Halfpoint Images/​Moment via Getty Images; ортаңғы жақта: Zhai Yujia/​China News Service/​VCG via Getty Images; жоғары оң жақта: Ismail Sen/​Anadolu Agency via Getty Images; төменгі оң жақта: E+/​taseffski/​via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Уайымға толы 2023 жыл. Киелі кітапта не делінген?

Уайымға толы 2023 жыл. Киелі кітапта не делінген?

 2023 жылы орын алған оқиғалар — Киелі кітапта айтылып кеткен “соңғы күндері” өмір сүріп жатқанымыздың айқын дәлелі (Тімөтеге 2-хат 3:1). Біздің күнімізге қатысты алдын ала айтылып кеткен осы жағдайлар қалай орындалып жатқанына назар аударыңыз.

Киелі кітап және әлемдегі оқиғалар

 “Жақын маңдағы және алыстағы соғыстар” (Матай 24:6).

  •   Қанды соғыстар мен қақтығыстар дүниенің төрт бұрышында орын алып жатыр a.

 “Түрлі жерлердегі жер сілкіністер” (Марқа 13:8).

  •   Соңғы есептер бойынша, 2023 жылдың басынан бері дүниежүзі бойынша 7 балдан асатын 13 жерсілкінісі болды. Бұл осы есептегі ең жоғарғы көрсеткіш b.

 “Қорқынышты нәрселер” (Лұқа 21:11).

  •   “Жаһандық жылыну дәуірі аяқталып, жаһандық қайнау дәуірі келді” (БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерреш) c.

 2023-тің жазы жер жаһанды жандырып жатыр.” деген мақаланы қараңыз.

 “Ашаршылық” (Матай 24:7).

  •   “2023 жыл күн көрісі онсыз да қиын отбасылардың жағдайын одан сайын қиындатты d”.

 Жаһандық азық-түлік тапшылығы.” деген мақаланы қараңыз.

 “Ерекше қиын уақыт” (Тімөтеге 2-хат 3:1)

  •   “Әлемдегі әрбір сегізінші адам психикалық аурумен ауырады e

2024 жылдан не күтеміз?

 2024 жылы не боларын ешкім білмейді. Бірақ әлемде орын алып жатқан жайттарға қарап, өте жақын арада Құдай Патшалығы, яғни көктегі үкімет, жердегі үкіметтердің орнын басатынын білеміз. Сонда адамзаттың қайғы-қасіретіне нүкте қойылады (Даниял 2:44; Аян 21:4).

 Сол уақыт келгенше, уайым меңдеген кездері Құдайдың көмегіне жүгіне аламыз. Оның сөзі Киелі кітапта былай делінген:

 “Бойымды үрей билегенде, өзіңе сенім артамын” (Зәбүр 56:3).

 Құдайға сенім артатынымызды қалай көрсете аламыз? Сізді Киелі кітапта уәде етілген, қайғы-қасірет мүлдем болмайтын болашақ жайлы көбірек білуге шақырамыз. Киелі кітаптағы болашаққа қатысты уәделер сізге және отбасыңызға қандай пайдасын әкелетінін тегін Киелі кітап курсынан біліңіз.

a “Соғыс заманы: Әлемдегі қақтығыстардың себебі неде?” (Эмма Билс және Питер Солсбери, 30 қазан, 2023).

b “2023 жылы болған жерсілкіністер ең жоғарғы көрсеткіштерге жетті” (Жерсілкіністер туралы жаңалықтар, мамыр, 2023).

c “27 шілде, 2023 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы климаттың өзгеруі жайлы баспасөз мәслихатында айтқан алғы сөзі”.

d ‘’Жаһандық ас тапшылығы” (Әлемдік азық бағдарламасы)

e “2023 жылы өткен дүниежүзілік психикалық денсаулық күні” (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 10 қазан, 2023)