Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН

Зерттеушіге Ехобамен жеке қарым-қатынас дамытуға көмектесіңіз

Зерттеушіге Ехобамен жеке қарым-қатынас дамытуға көмектесіңіз

Ехоба әрқайсысымыздың оны жақсы көргендіктен қызмет еткенімізді қалайды (Мт 22:37, 38). Зерттеуші Ехобаны қатты жақсы көрсе, бұл оған өмірінде қажетті өзгерістер жасауға әрі сынақтарға тойтарыс беруге күш-қуат береді (Ж1х 5:3). Бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтуге де сол сүйіспеншілігі түрткі болады.

Ехоба қалай сүйіспеншілік танытып жатқанын зерттеушіге байқай білуге көмектесіңіз. Оған мынадай сұрақтар қойып көріңіз: “Бұл жерден Ехоба туралы не білдіңіз?” немесе “Бұдан Ехобаның сізді жақсы көретіні қалай байқалады?” Ехоба жеке оған қалай көмектесіп жатқанын да көруге жәрдемдесіңіз (Ш2ж 16:9). Ехоба сіздің нақты айтқан дұғаларыңызға жауап берген кездерін айтып беріңіз. Сосын зерттеушіңізді Ехоба оның дұғаларына қалай жауап беретінін аңғара білуге шақырыңыз. Зерттеуші Ехобаның сүйіспеншілігін сезініп, өзі де оны сүйетінін, дос болғысы келетінін көрсетіп жатса, біз орасан зор қуанышқа кенелеміз, солай емес пе?!

КИЕЛІ КІТАПТЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ: ЕХОБАМЕН ЖЕКЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАМЫТУҒА” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Ларада қандай қиындық туындады?

  • Нита Лараға қалай көмектесті?

  • Лараға қиындығын жеңуге не көмектесті?