Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW LIBRARY

Киелі кітаптарды жүктеу және қолдану. Андроид

Киелі кітаптарды жүктеу және қолдану. Андроид

Киелі кітапты оқу мен зерттеу JW Library қосымшасының негізгі ерекшелігі болып есептеледі.

Киелі кітаптарды жүктеу және оларды қолдану үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

 Киелі кітапты жүктеу

Сіз Киелі кітаптың түрлі аудармаларын жүктеп алып, оларды интернетсіз-ақ оқып, зерттей аласыз.

  • Мәзір тақтасын ашыңыз да, Киелі кітап деген жерін түртіңіз, сонда Киелі кітап мазмұны көрінеді.

  • Тілдер түймесін басыңыз, сонда қосымшадағы барлық Киелі кітап аудармалары шығады. Сіз жиі қолданатын тілдегі аудармалар тізімнің жоғарғы жағында тұрады. Керекті тілді немесе керекті Киелі кітап аудармасын теріп те табуға болады. Мысалы, “int” деп терсеңіз, ағылшын тіліндегі “Патшалықтың жолма-жол аудармасы” шығады, я болмаса “порт” деп терсеңіз, португал тіліндегі барлық Киелі кітаптарды таба аласыз.

  • Әлі жүктелмеген Киелі кітаптардың тұсында бұлттың белгісі болады. Киелі кітапты жүктеп алу үшін соған нұқыңыз. Киелі кітап құрылғыңызға жүктеліп біткенде, бұлт белгісі жоқ болып кетеді. Киелі кітапты оқу үшін оны қайтадан түртіңіз.

Қалаған Киелі кітабыңызды таба алмасаңыз, кейінірек кіріп көріңіз. Уақыт өте келе көбірек аудармалар қосылып отырады.

 Киелі кітапты өшіру

Қажет болмай қалса не құрылғы жадын босату керек болса, белгілі бір Киелі кітап аудармасын өшіруге болады.

Бұл үшін мәзір тақтасын ашып, Киелі кітап түймесін басыңыз. Сосын Тілдер түймесін бассаңыз, Киелі кітаптар тізімі шығады. Өшіргіңіз келген Киелі кітаптың тұсындағы Көбірек түймесін басыңыз. Сосын Жою түймесін басыңыз.

 Киелі кітапты жаңарту

Кейде сіз жүктеген Киелі кітапқа жаңартулар шығып тұрады.

Ондай Киелі кітапта жаңарту белгісі болады. Киелі кітапты бассаңыз, оның жаңартылғаны туралы хабарлама шығады. Жүктеу түймесін басып, жаңартуды жүктеңіз немесе Кейінірек түймесін басып, қолда бар нұсқасын оқуды жалғастырыңыз.

Бұл мүмкіндіктер 2015 жылдың ақпанында JW Library 1.4 нұсқасында шыққан. Бұл нұсқасы Android 2.3-пен және одан кейінгілерімен үйлеседі. Егер сізде бұл мүмкіндіктер жоқ болса, “JW Library қосымшасын қолданыңыз: Андроид” мақаласындағы “Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз” деген тақырыпшадағы нұсқауларды орындаңыз.