Мазмұнға өту

Ішімдікке қатысты Киелі кітапта не айтылған? Ішімдік ішу күнә ма?

Ішімдікке қатысты Киелі кітапта не айтылған? Ішімдік ішу күнә ма?

Киелі кітаптың жауабы

 Ішімдікті шама-шарқын біліп ішуде тұрған ештеңе жоқ. Киелі кітапта шараптың адамға қуаныш сыйлайтыны әрі Құдайдың берген сыйы екені айтылған (Зәбүр 104:14, 15; Уағыздаушы 3:13; 9:7). Сондай-ақ онда шарапты емдік үшін қолдануға да тыйым салынбайды (Тімөтеге 1-хат 5:23).

 Иса пайғамбар жерде болған кезінде шараптан бас тартпаған (Матай 26:29; Лұқа 7:34). Ол бір үйлену тойында суды шарапқа айналдырып, жас жұбайларға керемет сый жасады (Жохан 2:1—10).

Шамадан тыс ішудің қаупі

 Киелі кітапта шараптың пайдалы жақтары туралы жазылғанмен, онда шамадан тыс ішу мен маскүнемдік айыпталады. Сондықтан ішімдікті ауызға алатын Құдай қызметшілері шамаларын біліп ішеді (Тімөтеге 1-хат 3:8; Титке 2:2, 3). Киелі кітапта неге мас болғанша ішуден аулақ болуымыз керектігі жазылған:

  •   Бұл адамды ойлау мен дұрыс әрекет ету қабілетінен айырады (Нақыл сөздер 23:29—35). Масаң күйге түскен адам Киелі кітаптағы мына сөздерге сай әрекет ете алмайды: “Денелеріңді тірі, қасиетті, Құдайға ұнамды құрбандық ретінде ұсыныңдар. Осылай еткендерің ақыл-ойларыңды іске қосып атқарған қасиетті қызметтерің болмақ” (Римдіктерге 12:1).

  •   Ішімдікті мас болғанша ішкен адам жүгенсіздікке барады әрі дұрыс ниетінен айырылады (Ошия 4:11; Ефестіктерге 5:18).

  •   Бұл тапшылыққа ұшыратады әрі денсаулықты құртады (Нақыл сөздер 23:21, 31, 32).

  •   Өлесі мас болғанша ішу мен маскүнемдікке Алла Тағала тыйым салады (Нақыл сөздер 23:20; Ғалаттықтарға 5:19—21).

Мөлшердің өлшемі қанша?

 Мөлшерінен көп ішкен адам өз өміріне не басқаның өміріне қауіп төндіреді. Киелі кітапқа сай, мас деп есінен танғанша ішкен адамды ғана емес, арақ-шараптан бағыт-бағдарын ажырата алмайтын, теңселген, шатақшыл, тілі күрмелген адамды да айтады (Әйүп 12:25; Зәбүр 107:27; Нақыл сөздер 23:29, 30, 33). Тіпті ішімдікті аздап ішетін адам ішімдікке салынып кетіп, мұның ауыр зардабын тартуы мүмкін (Лұқа 21:34, 35).

Ішімдіктен мүлдем бас тарту

 Киелі кітапта Құдай қызметшілері ішімдікті ауызға алмаулары керек кездер жайлы да сөз қозғалады. Бұл мынадай жағдайлар:

  •   Егер бұл біреудің ар-ұжданына нұқсан келтірсе (Римдіктерге 14:21).

  •   Ішімдік ішу жергілікті заңға қайшы келсе (Римдіктерге 13:1).

  •   Егер адам шама-шарқын білмесе. Маскүнем болғанының, ішімдікті шамадан тыс ішкенінің зардабын тартып жүрген адам өз шешімінде берік болуы керек (Матай 5:29, 30).