Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОСЫМША

Біз мейрамдарды тойлауымыз керек пе?

Біз мейрамдарды тойлауымыз керек пе?

БҮГІНДЕ дүниенің бұрыш-бұрышында тұратын адамдардың көпшілігі тойлайтын діни және басқа мейрамдар Киелі кітапқа негізделмеген. Олай болса, бұл мейрамдар қалай пайда болған? Бұл сұрақтың жауабын энциклопедиялардан іздеп көрсең, қызықты мәлімет табасың. Бірнеше мысалды қарастырып көрейік.

Жаңа жыл. Жаңа жыл мейрамының тойланатын күні және оған қатысты жоралар әр елде әртүрлі болып келеді. Бұл мейрамның қайдан шыққанына қатысты “Уорлд бук” энциклопедиясында былай делінген: “Рим билеушісі Юлий Цезарь б. з. б. 46 жылы 1 қаңтарды Жаңа жыл күні ретінде белгілеген. Римдіктер бұл күнді қақпалар мен есіктер және әрбір нәрсенің бастамасының құдайы Янусқа бағыштаған еді. Қаңтар [немесе январь] айы бір-біріне теріс қарап тұрған екі жүзі бар осы Янустың құрметіне аталған”. Демек, Жаңа жыл мейрамы жалған діннің жораларынан шыққан.

Хэллоуин. Бір энциклопедияда былай делінген: “Хэллоуиннің жораларында мәсіхшілікке дейінгі друидтердің [ежелгі кельттердің абыздары] рәсімі көрініс табады. Кельттердің басты екі құдайы — күн құдайы мен өлілердің құдайына... бағышталған мейрамдары болған. Өлілердің құдайына арналған мереке кельттердің Жаңа жылының басы болып саналған 1 қарашада тойланатын. Бұл мереке біртіндеп мәсіхшіліктің жораларына енген” (The Encyclopedia Americana).

Басқа мейрамдар. Дүниеде тойланатын мейрамдардың барлығын қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бір ескеретін жайт — адамдар мен адами ұйымдарды мадақтайтын мерекелер Ехобаға ұнамсыз (Еремия 17:5—7; Елшілердің істері 10:25, 26). Сондай-ақ діни мерекелердің Құдайға ұнамды не ұнамсыз болуы олардың шығу тегіне байланысты екенін есте ұста (Ишая 52:11; Аян 18:4). 16-тарауда аталып өтілген Киелі кітап принциптері діни емес мерекелерге қатысты Құдайдың көзқарасын анықтауға көмектеседі.