Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

12-САБАҚ

Киелі кітап зерттеуді тастамауға не көмектеседі?

Киелі кітап зерттеуді тастамауға не көмектеседі?

Киелі кітапты оқып-зерттеудің пайдалы жағы өте көп. Бірақ кейде оны зерттеу қиынға соғуы мүмкін. Ондай кезде “зерттеуімді әрі қарай жалғастыра аламын ба?” деген ой келетін шығар. Неге зерттеу әрі қарай жалғастыруға тұрарлық? Кедергілер мен қиындықтарға қарамастан зерттеуді тастамауға не көмектеседі?

1. Киелі кітапты зерттеу неге маңызды?

“Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті” (Еврейлерге 4:12). Киелі кітап — өте құнды кітап, өйткені онда Құдайдың сізді ойлайтыны, сізді жақсы көретіні жазылған. Ол сізге білім беріп, даналық дарытады, үміт сыйлайды. Ал, ең бастысы, Ехобамен дос болуға көмектеседі. Оны зерттей берсеңіз, өміріңіз жақсарып жатқанын көресіз.

2. Неге Киелі кітаптағы шындықтың құндылығын түсіну маңызды?

Киелі кітаптағы шындықтар асыл қазынадай. Сондықтан да Құдай Сөзінде “шындықты сатып ал, ешқашан сатпа оны” деп айтылған (Нақыл сөздер 23:23). Киелі кітаптағы шындықтардың қаншалықты бағалы екенін түсінсек, тіпті қиын кезде де зерттеуімізді доғармаймыз (Нақыл сөздер 2:4, 5 оқыңыз).

3. Ехоба сізге зерттеуді жалғастыруға қалай көмектеседі?

Ехоба құдіретті Жаратушы әрі Досыңыз болғандықтан, сізге өзі жайлы білуіңізге көмектескісі келеді. Ол “бойыңызда ықылас оятып, күш бере алады” (Філіпіліктерге 2:13 оқыңыз). Демек, кейде зерттеуге я білгендеріңізді өмірде қолдануға ықыласыңыз болмай жатса, Құдай оны оята алады. Ал кедергілер мен қарсылықтарға төтеп беруге күшіңіз жетпей жатса, ол сізге күш береді. Сондықтан Ехобадан зерттеуді тоқтатпауға көмектесуін сұрай беріңіз (Салоникалықтарға 1-хат 5:17).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Уақытыңыздың жоқтығына, өзгелердің қарсылығына қарамастан, Киелі кітапты зерттеуді қалай жалғастыруға болатынын біліңіз. Бұл жағынан сізге Ехоба да қалай көмектесетінін көріңіз.

4. Зерттеуді басты орынға қойыңыз

Кейде өмірдің қарбаласып кететіні сонша — Киелі кітапты зерттеуге уақыт таппай жатамыз. Сондайда сізге не көмек бола алады? Філіпіліктерге 1:10 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Сіз өмірде “нені маңыздырақ” деп айтар едіңіз?

  • Киелі кітап зерттеуіңізді қалай басты орынға қоя аласыз?

  1. А. Шелекке алдымен құм салып, содан кейін тас салса, тастар сыймай қалады.

  2. Ә. Шелекке алдымен тасты салсаңыз, көп құмды сыйдыра аласыз. Сол сияқты өміріңізде маңыздырақ істер бірінші тұрса, оларды да бітіресіз, басқа істерге де уақытыңыз қалады.

Киелі кітапты зерттегенде рухани қажеттілігімізді, яғни Құдайды танып-біліп, оған құлшылық ету мұқтаждығымызды толтырамыз. Матай 5:3 оқып, сосын мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Киелі кітап зерттеуді басты орынға қойсаңыз, қандай пайдасын көресіз?

5. Қарсылыққа қайыспаңыз

Кейде басқалар сізді зерттеуден айнытқысы келер. Франческо есімді ер адамның да басынан осындай жағдай өтті. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Франческо Киелі кітаптан білгендерін достары мен анасына айтып бергенде, олар бұны қалай қабылдады?

  • Зерттеуді тоқтатпағаны қандай нәтиже әкелді?

Тімөтеге 2-хат 2:24, 25 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Отбасыңыз бен достарыңыз оқып-білгендеріңіз жайлы не деп жатыр?

  • Осы тармақтарға сай, сіздің зерттеп жатқаныңыз біреуге ұнамай жатса, қалай әрекет еткеніңіз дұрыс? Неге?

6. Ехобаға арқа сүйеңіз

Ехобаға жақындаған сайын, оның көңілінен шыққымыз келеді. Бірақ оның заң-талабын ұстанып өмір сүру кейде қиынға соғуы мүмкін. Сізге де өзгеру қиын болып жатса, бұл қолымнан келмейді деп ойламаңыз. Ехоба сізге көмектеседі. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехобаның көңілінен шығу үшін Джим деген кісі қандай өзгерістер жасады?

  • Бұл кісінің оқиғасы сізге несімен ұнады?

Еврейлерге 11:6 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба өзін шын жүректен іздейтіндерге, яғни оны танып-білуге және ұнауға барынша тырысатындарға нені уәде етеді?

  • Осы сөздерге қарасақ, зерттеу үшін күш салып жатқаныңыз Ехобаға ұнай ма? Неге олай ойлайсыз?

КЕЙБІРЕУЛЕР СҰРАСА: “Киелі кітапты не үшін оқып жүрсің?”

  • Сіз қалай жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Киелі кітапты зерттеу әрдайым оңайға соқпаса да, оны тоқтатпасаңыз, пайдасын мәңгі бақи көресіз. Ехобаға арқа сүйей беріңіз, ол сізді міндетті түрде жарылқайды.

Қайталау

  • Сіз үшін Киелі кітап шындықтары несімен бағалы?

  • “Ненің маңыздырақ” екеніне қалай көз жеткізе аласыз?

  • Киелі кітап зерттеуіңізді тастамау үшін, неге Ехобадан көмек сұрау керек?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Уақытты дұрыс жұмсаудың төрт жолын біліңіз.

“Уақыттың қадірін білейік” (“Ояныңдар!” (ор.), ақпан, 2014)

Күйеуі құптамаса да, Ехобаның көңілінен шыққысы келген бір әйелге Құдай қалай көмектескенін көріңіз.

“Ехоба жүгімізді көтерісуге көмектеседі” (5:05)

Бір әйелдің табандылығы күйеуіне қандай игілік алып келгенін біліңіз.

“Мен шындықты әбден тексердім” (6:30)

Кейде Ехоба куәгерлерін отбасыларын бұзады деп айыптап жатады. Бірақ бұл рас па?

“Ехоба куәгерлері отбасын бұза ма?” (jw.org сайтындағы мақала)