Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

34-САБАҚ

Ехобаны жақсы көретінімізді қалай көрсетсек болады?

Ехобаны жақсы көретінімізді қалай көрсетсек болады?

Киелі кітапты зерттегелі бері өзіңізді Құдайға жақын сезінесіз бе? Осы достығыңызды әрі қарай да нығайтқыңыз келер ме еді? Онда мынаны ұмытпаңыз: Ехоба өзіне деген сүйіспеншілігіңіздің өсіп жатқанын көрсе, ол да сізді қаттырақ жақсы көріп, қамқорлығын аямайды. Ендеше, оған деген сүйіспеншілігіңізді қалай көрсетсеңіз болады?

1. Ехобаны жақсы көретінімізді қалай көрсетсек болады?

Ехобаның айтқанын тыңдасақ, оны жақсы көретінімізді көрсетеміз (Жоханның 1-хаты 5:3 оқыңыз). Бірақ бұған ол ешкімді мәжбүрлемейді. Оны тыңдай ма, жоқ па — әркім өзі шешсе екен дейді. Себебі Ехоба “шын жүректен мойынсұнғанымызды” қалайды (Римдіктерге 6:17). Иә, Ехоба оған мәжбүр болғандықтан емес, оны жақсы көргендіктен мойынсұнады деп күтеді. Осы кітаптың 3, 4-бөлімінде Ехобаға ұнау үшін неден қашық, ал неге асық болуымыз керектігі түсіндіріледі. Соларды орындау арқылы Ехобаны жақсы көретініңізді көрсете аласыз.

2. Неге Ехобаны жақсы көретінімізді көрсету қиын болуы мүмкін?

“Әділ жан қиындыққа көп кезігеді” (Зәбүр 34:19). Бәрімізге де пендешілікпен күресуге тура келеді. Бұдан бөлек, қаржы тапшылығы, әділетсіздік сияқты әртүрлі қиындықтар көріп жатамыз. Қиындыққа тап болғанда, Ехобаны тыңдағаннан гөрі тыңдамаған оңай болып көрінуі мүмкін. Бірақ Ехобаның айтқанын бұлжытпай орындасақ, оны бәрінен артық жақсы көретінімізді көрсетеміз. Оған адал екенімізді дәлелдейміз. Ал адал жанға Ехоба өзі де адал. Ол сізді ешқашан тастамайды (Зәбүр 4:3 оқыңыз).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехобаға мойынсұнсаңыз, ол не себепті қуанатынын және оған адал болуға сізге не көмектесетінін білейік.

3. Сізге қатысы бар мәселе

Киелі жазбалардың Әйүп кітабынан көрінетіндей, Шайтан Әйүп пайғамбарға ғана емес, Ехобаға қызмет еткісі келетін барлық адамға айып тақты. Әйүп 1:1, 6—2:10 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Шайтанның айтуынша, Әйүп пайғамбар не себепті Ехобаға мойынсұнған? (Әйүп 1:9—11 қараңыз).

  • Шайтан барлық адамға қатысты, оның ішінде сізге де қатысты не деді? (Әйүп 2:4 қараңыз).

Әйүп 27:5ә оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Әйүп пайғамбар Ехобаны шын жақсы көретінін қалай дәлелдеді?

Әйүп пайғамбар адалдық сақтап, Ехобаны жақсы көретінін дәлелдеді

Біз адалдық сақтасақ, Ехобаны жақсы көретінімізді дәлелдейміз

4. Ехобаның жүрегін қуантыңыз

Нақыл сөздер 27:11 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ақылды болып Ехобаны тыңдасақ, ол не сезінеді? Неге?

5. Ехобаға адал болу қолыңыздан келеді

Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз ол жайында өзгелерге айтуға талпындырады. Ал оған деген адалдығымыз тіпті қиын болғанда да ол жайлы айтуға қозғау салады. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Сізге Ехоба туралы айту кейде қиын бола ма?

  • Бейнероликтегі Грейсон деген кісіге қорқынышын жеңуге не көмектесті?

Ехоба жақсы көретінді жақсы көріп, жек көретінді жек көрсек, бізге адал болу оңай болады. Зәбүр 97:10 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Осы уақытқа дейін Ехоба қандай нәрселерді жақсы көретінін білдіңіз? Ал нені жек көреді?

  • Жақсыны жақсы көруді, жаманды жек көруді қалай үйренсеңіз болады?

6. Ехобаға мойынсұнсақ, игілігін көреміз

Ехобаға мойынсұнған адам ешқашан ұтылмайды. Ишая 48:17, 18 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Біз үшін ненің жақсы екенін тек Ехоба білетінімен келісесіз бе? Неге?

  • Киелі кітапты зерттеп, шынайы Құдай Ехоба жайлы біліп жатқаныңыздың қандай пайдасын көрдіңіз?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Менің істерім Құдайды қуанта ала ма?”

  • Іс-әрекеттеріміз Құдайды қуанта алатынын қай тармақпен көрсете алар едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехобаны тыңдасаңыз және қиындықта адал болып қалсаңыз, оны жақсы көретініңізді көрсетесіз.

Қайталау

  • Әйүп пайғамбардың үлгісінен не үйрендіңіз?

  • Ехобаны жақсы көретініңізді оған қалай дәлелдей аласыз?

  • Ехобаға адал болып қалуға сізге не көмектеседі?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ехобаға және қауымға қалай адал бола алатыныңызды көріңіз.

“Сен адал адамға адалдық танытасың” (16:49)

Шайтан бүкіл адамдарға қандай айып таққаны туралы көбірек біліңіз.

“Құдайдың адал қызметшісі — Әйүп” (Киелі кітаптағы хабар”, 6-тарау)

Тіпті балалар Ехобаны жақсы көретінін дәлелдей алады. Сол туралы көріңіз.

“Ехобаның жүрегін қуант” (8:16)

Жасөспірімдер құрдастарынан қиындық көрген кезде, қалай Құдайға адал болып қала алады?

“Құрдастардың қысымына төтеп бер!” (3:59)