Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

15-САБАҚ

Иса пайғамбар деген кім?

Иса пайғамбар деген кім?

Иса пайғамбар (Ғайса, Ғиса деп те жатады) — тарихтағы әйгілі адамдардың бірі. Алайда көп адам оның атынан басқа ол туралы аса ештеңе білмейді. Негізі, оның кім екеніне қатысты әртүрлі пікірлер бар. Ал Киелі кітапта ол жайында не айтылған?

1. Иса кім?

Иса — көкте өмір сүріп жатқан құдіретті періште. Ехоба Құдай оны бәрінен бұрын жаратты. Сондықтан да ол Киелі кітапта “жаратылыс атаулының тұңғышы” деп аталады (Қолостықтарға 1:15). Сондай-ақ Иса Құдайдың “жалғыз Ұлы” a деп аталады, өйткені Ехоба оны тікелей өзі жаратқан (Жохан 3:16). Иса Әкесі Ехобамен етене еңбектеніп, екеуі бірге басқа жаратылыстарды жаратты (Нақыл сөздер 8:30 оқыңыз). Исаның қазір де Ехобамен қарым-қатынасы өте тығыз. Ол Құдайдың атынан сөйлеп, оның хабары мен нұсқауларын адалдықпен жеткізіп отырады, сондықтан ол Киелі жазбаларда “Сөз” деп аталған (Жохан 1:14).

2. Иса пайғамбар жер бетіне не үшін келді?

Шамамен 2000 жыл бұрын, Ехоба бір таңғажайып керемет жасады. Ол киелі рухы арқылы көктегі Исаның өмірін Мәриям деген пәк қыздың құрсағына салды. Осылайша Иса адам болып туылды (Лұқа 1:34, 35 оқыңыз). Иса жерге Құдай уәде еткен Мәсіх b болып, адамзатты құтқару үшін келді c. Киелі кітапта Мәсіх туралы айтылған барлық пайғамбарлықтар Исаның өмірінде орындалды. Соның арқасында адамдар Исаның “Мәсіх” екенін, “тірі Құдайдың Ұлы” екенін анықтай алды (Матай 16:16).

3. Иса қазір қайда?

Иса пайғамбар жерде өлгеннен кейін, Құдай оны періште етіп қайта тірілтті, сөйтіп, ол көкке оралды. Көкте “Құдай оны бұрынғыдан да жоғарылатты” (Філіпіліктерге 2:9). Қазір Исаның орасан зор билігі бар, одан тек Ехоба ғана жоғары тұр.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Исаның шын мәнінде кім екені туралы көбірек білейік және ол туралы білу неге өте маңызды екенін көрейік.

4. Иса — құдіреті шексіз Құдай емес

Киелі кітапта айтылғандай, Иса көктегі құдіретті рухани жаратылыс болғанымен, ол Әкесі әрі Құдайы Ехобаға бағынады. Неге бұлай дейміз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, Киелі кітап Иса мен құдіреті шексіз Құдайдың дәрежесі бір емес екеніне қатысты не деп үйрететінін біліңіз.

Төмендегі тармақтар Ехоба мен Исаның арасындағы айырмашылықты түсінуге көмектеседі. Әрбір тармақты оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

Лұқа 1:30—32 оқыңыз.

  • Иса мен “Құдай Тағала” Ехобаның екі бөлек тұлға екені періштенің сөзінен қалай көрінеді?

Матай 3:16, 17 оқыңыз.

  • Иса шомылдыру рәсімінен өткенде, көктен естілген дауыс не деді?

  • Бұл кімнің даусы болды деп ойлайсыз?

Жохан 14:28 оқыңыз.

  • Кімнің жасы да, дәрежесі де үлкен: әкесінің бе, әлде ұлының ба?

  • Иса Ехобаны “Әкем” деп атаған. Бұдан біз не білеміз?

Жохан 12:49 оқыңыз.

  • Иса өзін және Әкесін бір тұлға деп есептей ме? Ал сіз ше?

5. Исаның Мәсіх екенін дәлелдеген не?

Киелі кітапта Мәсіх туралы, яғни Құдай адамзатты құтқару үшін таңдаған адам жайлы көп пайғамбарлық жазылған. Бұл пайғамбарлықтар адамдарға Мәсіхтің кім екенін анықтауға көмектескен. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, Иса жерге келгенде орындаған кейбір пайғамбарлықтармен танысыңыз.

Төмендегі пайғамбарлықтарды оқып, сұрақтарды талқылаңыздар:

Миха 5:2 оқып, Мәсіхтің қай жерде туылатыны жайлы біліңіз d.

  • Иса туылғанда осы пайғамбарлық орындалды ма? (Матай 2:1).

Зәбүр 34:20 мен Зәкәрия 12:10 оқып, Мәсіхтің өліміне қатысты Киелі кітап пайғамбарлықтарына назар аударыңыз.

  • Осы пайғамбарлықтар орындалды ма? (Жохан 19:33—37).

  • Қалай ойлайсыз, Иса осы пайғамбарлықтардың орындалуына ықпал ете алды ма?

  • Бұдан Иса туралы қандай тұжырымға келдіңіз?

6. Иса пайғамбар туралы білудің біз үшін пайдасы

Киелі кітап Иса туралы және оның атқаратын рөлі жайлы білу маңызды екеніне айрықша назар аударады. Жохан 14:6 мен 17:3 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Неге Иса пайғамбар туралы білгеніміз аса маңызды?

Иса пайғамбар Құдаймен дос болуымызға жол ашты. Ол Ехоба туралы шындықты үйретті, әрі ол арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізе аламыз

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Ехоба куәгерлері Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы дейді. Құдайдың баласы болуы мүмкін емес”.

  • Сіз бұған не деп жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Иса — құдіретті періште. Ол — Құдайдың Ұлы әрі Мәсіх.

Қайталау

  • Неге Иса “жаратылыс атаулының тұңғышы” деп аталады?

  • Иса жерге келгенге дейін не істеді?

  • Исаның Мәсіх екенін қайдан білеміз?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Киелі кітаптан Құдай қай мағынада Исаның әкесі екенін біліңіз.

“Иса пайғамбарды неге Құдайдың Ұлы деп атайды?” (jw.org сайтындағы мақала)

Иса туралы Киелі кітапта не айтылғанын зерттеген соң, бір әйелдің өмірі қалай өзгергенін оқып көріңіз.

“Бір еврей әйел неге өз дінін қайта саралап шыққаны туралы айтып берді” (“Ояныңдар!” (ор.), мамыр, 2013)

a Киелі кітап Құдай тура адам баласы сияқты бала сүйіп, сол мағынада әке болды деп үйретпейді.

b Еврейше “Мәсіх” деген сөз “майланған” дегенді, яғни ерекше бір тапсырманы атқару үшін таңдап алынған дегенді білдіреді.

c 26, 27-сабақта адамзатты не үшін құтқару керек және Иса бұны қалай істейтіні қарастырылады.

d Иса жерге нақты қашан келу керек болғаны жайлы пайғамбарлықты 2-түсіндірмеден оқыңыз.