Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

41-САБАҚ

Жыныстық қатынас жайлы Киелі кітапта не айтылған?

Жыныстық қатынас жайлы Киелі кітапта не айтылған?

Көп адам жыныстық қатынас туралы сөйлесуге ыңғайсызданады. Ал Киелі кітап бұл жайында ашық, бірақ қадірін түсірмей айтады. Онда айтылғандар біз үшін пайдалы, себебі Киелі кітапты жаздырған — біздің Жаратушымыз Ехоба ғой. Ол біз үшін ненің жақсы екенін біледі. Сондықтан оның көңілінен шығу үшін әрі өмірдің қызығын мәңгі көру үшін не істеуіміз керектігін тек ол ғана айта алады.

1. Ехоба жыныстық қатынас туралы не ойлайды?

Жыныстық қатынасты Ехобадан келген сый деуге болады. Ол төсек қатынасы некеде тұрған күйеу мен әйелге қуаныш сыйласа екен дейді. Бұл сый дүниеге тек бала әкелу үшін ғана емес, ерлі-зайыптының бір-біріне деген махаббаты мен нәзік сезімдерін білдіру үшін де берілген. Сондықтан Құдай Сөзінде: “Жастай қосылған қосағыңнан қуаныш тап”,— деп айтылған (Нақыл сөздер 5:18, 19). Ехоба некедегі мәсіхшілер бір-біріне адал жар болады деп күтеді. Сол себептен олар ешқашан бір-бірінің көзіне шөп салмау керек (Еврейлерге 13:4 оқыңыз).

2. Жыныстық азғындық деген не?

Киелі кітапта: “Азғындар... Құдай Патшалығын мұра етпейді”,— делінген (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10). Киелі кітапты грек тілінде жазған адамдар азғындық немесе жыныстық өнегесіздік туралы айтқанда, “порниа” сөзін қолданған. Бұл сөз нені білдіреді? 1) Ерлі-зайыпты емес адамдардың арасындағы жыныстық қатынасты a, 2) гомосексуализмді, 3) малмен жыныстық қатынаста болуды білдіреді. Біз “азғындықтан аулақ болсақ”, Ехобаны қуантамыз әрі өзіміз де соның игілігін көреміз (Салоникалықтарға 1-хат 4:3).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Жыныстық азғындықтан қалай аулақ бола алатынымызды және осы жағынан таза болғанымыз бізге қандай пайдасын тигізетінін қарастырайық.

3. Жыныстық азғындықтан қашыңыз

Жүсіп деген адал ер кісіні бір әйел төсектес болуға көндіргісі келді. Бірақ Жүсіп оған тойтарыс берді. Мұсаның 1-жазбасы 39:1—12 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Жүсіп не себепті қаша жөнелді? (9-тармақты қараңыз).

  • Жүсіп дұрыс істеді деп ойлайсыз ба? Неге?

Бүгінде жастар Жүсіпке еліктеп, қалай азғындықтан қаша алады? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Ехоба бәріміздің де азғындықтан бас тартқанымызды қалайды. Қорынттықтарға 1-хат 6:18 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Адамның азғындыққа баруына қандай жағдайлар түрткі болуы мүмкін?

  • Сіз азғындықтан қалай аулақ бола аласыз?

4. Сіз азғыруға қарсы тұра аласыз

Азғындық жасауға азғырылғанда, неге оған қарсы тұру кейде қиын болуы мүмкін? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі ер бауырлас ойлары мен әрекеттері әйеліне адал болмауға ауып бара жатқанын сезгенде, не істеді?

Кейде тіпті адал мәсіхшілердің өзіне ойын таза сақтау қиын болып жатады. Сізге азғын ойларға берілмеуге не көмектеседі? Філіпіліктерге 4:8 оқып, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Біз қандай нәрселер жайында ойлануымыз керек?

  • Киелі кітапты оқығанымыз және Ехобаның ісінде белсенді болғанымыз күнәға азғырылмауға қалай көмектеседі?

5. Ехобаның нормалары бізді қорғайды

Ехоба біз үшін ненің жақсы болатынын біледі. Ол бізге моральдық тазалықты қалай сақтай алатынымызды және соның қандай игілігін көретінімізді айтады. Нақыл сөздер 7:7—27 оқып немесе БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Жас жігіт қалай азғырылатын жағдайға тап болды? (Нақыл сөздер 7:8, 9 қараңыз).

  • Нақыл сөздер 7:23, 26-ға сай, жыныстық азғындықтың ащы салдары бар. Моральдық тазалық сақтасақ, қандай қиындықтарға ұшырап қалмаймыз?

  • Моральдық жағынан таза болғанымыз өмірдің қызығын мәңгі көруге қалай көмектеседі?

Киелі кітапта гомосексуализмге тыйым салынғаны кейбіреулер үшін қатыгездік болып көрінеді. Бірақ сүйіспеншілігі мол Ехоба әрбір адамның мәңгі жасағанын қалайды. Бұл үшін біз оның нормаларын ұстанып өмір сүруіміз керек. Қорынттықтарға 1-хат 6:9—11 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Құдайдың көзінде тек гомосексуалды қалаулар ғана дұрыс емес пе?

Құдайға ұнау үшін бәрімізге қандай да бір өзгерістер жасау қажет. Бірақ бұл соған тұра ма? Зәбүр 19:8, 11 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Сіздіңше, Ехобаның моральдық нормалары ақылға қонымды ма? Неге олай ойлайсыз?

Ехоба көп адамға оның моральдық нормаларына сай келуге көмектескен. Ол сізге де көмектеседі

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Бір-бірін сүйіп тұрса, екі адамның төсектес болғанының несі жаман?!”

  • Сіз бұған не дейсіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Жыныстық қатынас — Ехобаның ерлі-зайыптыларға қуаныш әкелсін деп берген сыйы.

Қайталау

  • Жыныстық азғындыққа не кіреді?

  • Жыныстық азғындықтан аулақ болуға бізге не көмектеседі?

  • Ехобаның моральдық нормаларын ұстансақ, қандай пайдасын көреміз?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ер адам мен әйелдің заңды некелескені неге Құдай үшін маңызды екенін оқып көріңіз.

“Некелеспей бірге тұру жайлы Киелі кітапта не айтылған?” (jw.org сайтындағы мақала)

Киелі кітап гомосексуализмнің өзін құптамаса да, ондай адамдарды жек көруге үйретпейді. Неге екенін оқып біліңіз.

“Гомосексуализмге деген көзқарасым қандай болу керек?” (jw.org сайтындағы мақала)

Құдайдың жыныстық қатынасқа қатысты заңдары бізді қалай қорғайтынын біліңіз.

“Оральді секс кәдімгі секс пе?” (jw.org сайтындағы мақала)

“Олар маған құрметпен қарады” деген өмірбаянында кезінде гомосексуал болған бір ер кісінің Құдайға бет бұрып, өзгеруіне не түрткі болғанын оқып көріңіз.

“Киелі кітап адам өмірін өзгертеді” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 1 сәуір, 2011)

a Сонымен қатар бұл оральды және анальды секс және нәпсісін қоздыру үшін біреудің жыныс мүшесін сипалау сияқты әртүрлі әрекеттерді де білдіреді.