Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

8-САБАҚ

Сіз Ехоба Құдайдың досы бола аласыз

Сіз Ехоба Құдайдың досы бола аласыз

Ехоба Құдай өзін жақынырақ танып-білгеніңізді қалайды. Неге? Өйткені сіз оның қасиеттерін, адамдарға қалай қарайтыны мен сізге не тілейтінін көбірек білген сайын, онымен достасқыңыз келеді деп үміттенеді. Алла Тағаланың досы болу шынымен мүмкін бе? (Зәбүр 25:14 оқыңыз). Онымен дос болу үшін не істей аласыз? Киелі кітап осы сауалдарға жауап береді және Ехобамен достық сіз үшін неге әлемдегі ең қымбат достық болатынын көрсетеді.

1. Ехоба сізді не істеуге шақырады?

Киелі жазбалар: “Құдайға жақындаңдар, сонда ол да сендерге жақындайды”,— деп шақырады (Жақып 4:8). Бұл сөздің мәні неде? Ехоба сізге өзімен дос болуды ұсынады. Біреулер Алла Тағала көзге көрінбейтіндіктен, онымен дос болу мүмкін емес деп ойлайтын шығар. Ал өзгелері Алламен дос болу деген ойдың өзі құрметсіздік деп есептейді. Алайда Ехоба Киелі кітапта өзінің қандай екенін танып-білуімізге қажеттінің бәрін жаздырған. Ол мұны бізді өзіне жақындасын деп істеді. Киелі кітаптан Ехобаның бізге арнаған сөздерін оқығанда, оны ешқашан көрмесек те, достығымыз беки түседі.

2. Неге Ехоба ең керемет Досыңыз болады?

Сізді Ехобадан артық ешкім сүйе алмайды. Ол сіздің бақытты болғаныңызды және мұқтаж кезіңізде оған жүгінгеніңізді қалайды. “Бар уайымыңызды оған артыңыз, себебі ол қамыңызды ойлайды” (Петірдің 1-хаты 5:7). Ехоба әрдайым достарының жанынан табылып, қолдап-демеуге, жұбатуға және тыңдауға асық (Зәбүр 94:18, 19 оқыңыз).

3. Ехоба өз достарынан не күтеді?

Ехоба барлық адамдарды жақсы көреді, бірақ “шыншыл адаммен жақын дос болады” (Нақыл сөздер 3:32). Ехоба достарының ол жақсы дейтінді істеп, жаман дейтіннен жиренгенін қалайды. Кейбіреулер оның жақсы мен жаманға қатысты талаптарын ешқашан орындай алмаймын деп ойлауы мүмкін. Алайда Ехобаның рақымы мол. Оны шын сүйетін әрі оған ұнауға барынша тырысатын әрбір адамға ол шапағатын түсіреді (Зәбүр 147:11; Елшілердің істері 10:34, 35).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехобамен достасу үшін не істесеңіз болатыны жайлы және неге ол сіздің ең жақсы Досыңыз бола алатыны жайында көбірек білейік.

4. Ыбырайым пайғамбар Ехобаның досы болған

Киелі кітаптағы Ыбырайым пайғамбар (Ыбырам деп те аталған) туралы оқиғадан Алланың досы болу үшін не істеу керектігін түсінеміз. Ыбырайым туралы Мұсаның 1-жазбасы 12:1—4 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба Ыбырайымға не істе деді?

  • Ехоба оған қандай уәде берді?

  • Ыбырайым не істеді?

5. Ехоба достарынан не күтеді?

Біз әдетте достарымыздан бір нәрсе күтеміз.

  • Достарыңыз сіз үшін не істегенін қалар едіңіз?

Жоханның 1-хаты 5:3 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба достарынан не күтеді?

Ехобаға мойынсұну үшін бізге жүріс-тұрысымызды, мінез-құлқымызды өзгерту қажет болатын шығар. Ишая 48:17, 18 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба неліктен достарының жақсы жаққа өзгергенін қалайды?

Жақсы дос бізге пайдалы болатын әрі аман сақтайтын ескертулер айтады. Ехоба да достарына солай етеді

6. Ехоба өз достары үшін не істейді?

Ехоба достарына қиындықтарға төтеп беруге көмектеседі. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі әйелге жағымсыз ойлармен және сезімдермен күресуге Ехоба қалай көмектесті?

Ишая 41:10, 13 оқып, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба барлық достары үшін не істеймін деп уәде етеді?

  • Қалай ойлайсыз, Ехоба жақсы Дос бола ма? Неге?

Жан достарыңыз мұқтаж кезіңізде қол ұшын береді. Ехоба да сізге көмектеседі

7. Дос болу үшін Ехобамен сөйлесу керек

Достар сөйлесіп тұрса, араларындағы достықтың жібі мықты бола түседі. Зәбүр 86:6, 11 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Біз Ехобамен қалай сөйлесе аламыз?

  • Ал Ехоба бізбен қалай сөйлеседі?

Біз Ехобаға дұға арқылы сөйлейміз, ал ол бізге Киелі кітап арқылы сөйлейді

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Алламен дос болу мүмкін емес”.

  • Ехоба Құдаймен дос болу мүмкін екенін түсіндіру үшін қандай тармақты көрсетер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба сізбен дос болғысы келеді әрі өзіне жақындауыңызға көмек береді.

Қайталау

  • Ехоба достарына қалай көмектеседі?

  • Ехоба достарына неге өзгерістер жасауды айтады?

  • Сіздіңше, Ехоба достарынан тым көп нәрсе күте ме? Неге олай деп ойлайсыз?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Құдаймен дос болғаныңыз өміріңізге қалай әсер етеді?

“Ехоба — танысуға тұратын Құдай” (“Күзет мұнарасы”, 1 наурыз, 2003)

Ехобамен достасқанның арқасында бір әйел қалай аман-есен жүргенін оқып біліңіз.

“Менің өлгім келмеді!” (“Күзет мұнарасы” № 1, 2017)

Жасөспірімдердің Ехобаға деген сезімдері жайлы тыңдап көріңіз.

“Құдаймен дос болу деген не?” (1:46)